Example1_1↵
жолын тереміз.
Программа нәтижесі:
Hello World!
The current date and time is 28.08.2010 12:22:44 PM
Программа нәтижесі аздап басқаша да болуы мүмкін, мысалы, мынадай:
Hello World!
The current date and time is 28.08.2010 12:22:44
Енді программаның әрбір жолын жеке-жеке қарастырып шығайық.
/* Example1_1.cs файлы "Hello world!“ программасы және ағымдағы мерзім мен уақытты экранға шығару */
Бұл С тілдері стиліндегі комментарий, компилятор мұны тек бос орын таңбасы деп есептейді, ол бізге оның жұмысын түсіну үшін ғана керек.
class Example1_1 {
Жүйелі жақша жаңа Example1_1 класының сипатталуы басталғанын көрсетеді. Жақша жабылғанда сипатталу бітеді. Класс ішінде айнымалылар, функциялар – тәсілдер болады.
public static void Main()
Бұл программаның басты функциясы Main (), ол бас әріппен жазылады. Программа осы функцияны орындаудан басталады.
public – бұл қатынасу деңгейінің модификаторы, ол осы тәсілге бұл кластан тыс қатынасу мүмкіндігін көрсетеді,
static – бұл сөз Main() тәсілінің нақты бір объектіге емес, класқа қатысты екенін білдіреді. Eгер static сөзі болмаса, бұл функцияны шақырмас бұрын осы класс объектісін жасап алу керек еді.
Достарыңызбен бөлісу: |