Программа құрудың интеграцияланған ортасы программалық жасақтаманы жасауға арналған программалар кешені



Дата30.04.2023
өлшемі15 Kb.
#88598
түріПрограмма
Байланысты:
Глоссарий


ГЛОССАРИЙ
Integrated Development Environment (IDE) (программа құрудың интеграцияланған ортасы) – программалық жасақтаманы жасауға арналған программалар кешені.
Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, астынан сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады.
Интерфейс (Interface–inter–өзара, і face–бет жағы) – программалаушылардың кәсіби тілінде – өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасын бейнелейді.
Print() функциясы – деректерді экран бетіне немесе файлға жолы ретінде жазады.
Программалау тілі – деректі жазып, белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын тіл.
Сызықтық алгоритм (программа) – тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм (программа).
Интерпретатор – (лат. іnterpretatio – түсіндіру, түсінікті тілге аудару) – деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын мәшине тіліне аударып орындай алатын арнайы программа. Программаның бастапқы мәтініне талдау жасайтын, программаны жеке-жеке оператор бойынша орындайтын аудармашы. Компьютер жадына енгізілген программа мәтінін интерпретатор жолма-жол қалыпта мәшине кодына аударады
Интерфейс – (ағыл. іnterface, inter – өзара, face – бет жағы) – программалаушылардың кәсіби тілінде өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын қамтамасыз ететін аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы
Программа – компьютер түсінетін тілде жазылған командалар және нұсқаулықтар
Циклдік алгоритм – бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайталанатын командалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым. Циклдер көмегімен программа жазу программа жазу процесін жеңілдетеді.
Break (ломать – үзілу) – белгілі бір қойылған шарт орындалуымен ағымдағы цикл жұмысын бірден тоқтатып, программа жұмысын циклден шығарып, әрі қарай жалғастыратын цикл нұсқаулығы.
Continue (продолжить – жалғастыру) – белгілі бір қойылған шарттың көмегімен ағымдағы цикл итерациясын тоқтатып, келесі цикл итерациясына ауыстыратын цикл нұсқаулығы.
Рip – Python-да жазылған программалық пакеттерді орнату және басқару үшін пайдаланылатын пакетті басқару жүйесі
Массив – бір типтегі берілгендер жиынтығы немесе бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізбегі. Айнымалылардың массив элементтерінің типтері бірдей болады. Массив бір ғана атпен белгіленеді.
Программалауда сұрыптау – бұл қандай да бір массив элементтерін кему немесе өсу ретімен ауыстыру процесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет