II Бөлім Сақтандыру шарттары
1. Сақтандыру обекті болып, осы Полистің 1 Тарауының 3т.
көрсетілген автокөлікті, (бұдан
былай-КҚ/АК, сонымен қатар, қосымша жабдықты, егер ол сақтандыру Полисінде көрсетілген
болса, сақтандыру жағдайы нәтижесінде зақымдану, ысырап болу (жою) және/немесе айырылу
салдарында иелену, пайдалану, басқаруға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі
танылады.
2. Сақтандыру жағдайы болып, осы Полистің 1 Тарауының 5 т. көрсетілген оқиғалар
нәтижесінде, КҚ зақымдану, ысырап болу (жою) және/немесе айырылу тәуекелі саналады.
3. Сақтандыру жағдайы басталғанын, сонымен қатар, келтірілген нұқсан мөлшерін дәлелдеу
ауыртпалығы Сақтанушыға (Сақтандырылғанға) және Пайда алушыға жүктеледі.
4. Сақтанушы құқылы:
Ережелермен/Шартпен белгіленген сақтандыру шарттарын, өзінің құқығы мен міндеттерін
түсіндіруді Сақтандырушыдан талап етуге; сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асыруды
талап етуге; Ережелермен қамтылған талаптарға сәйкес, сақтандыру Полисін/Шартты
мерзімінен бұрын бұзуға; сақтандыру тәуекелін сақтандыру сыйлықақысына мөлшерлес
өзгертуге; Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін атқарудан бас тартуын сотта даулауда;
сақтандыру құпиясына; ҚР заңнамасына және Шарт/Полис ережелеріне қайшы келмейтін
басқа әрекеттерін жүзеге асыруға.
5. Сақтанушы (Сақтандырылған) міндетті:
• Сақтандыру Полисін жасасу барысында, сақтандыру тәуекелін бағалауға елеулі маңызы бар,
өзіне белгілі барлық жағдаяттар туралы Сақтандырушыға хабарлауға; Полисте көрсетілген АК
қатысты жасалған немесе жасалатын басқа сақтандыру шарттары туралы Сақтандырушыға
хабарлауға; сақтандыру Полисін қолдану барысында, тәуекелдерде болған маңызды өзгерістер
туралы дер кезінде Сақтандырушыға хабарлауға; сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру
Полисінде белгіленген мөлшерде, мерзімде және тәртіпте жүзеге асыруға; сақтандыру
жағдайына қатысты алдағы ақпаратты хабарлауға және Сақтандырушыға тиісті көмек
көрсетуге; Сақтандырушыға (соңғының талабына сәйкес), үшінші тұлғалармен дауларды сотқа
дейін немесе сотта реттеу бойынша, Сақтанушының өкілеттігін тапсыруға;жазбаша ұйғарым
түскен күнінен 7 (жеті) жұмыс күннен асырмай, Сақтандырушыға толық сақтандыру сомасын
қайтаруға, егер ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімін өткізіп алу аралығында,
Сақтанушыны немесе Пайда алушыны сақтандыру төлемін алу құқынан толық немесе ішінара
айыратын жағдаяттар айқындалатын болса; сақтандырылған көлік құралын зақымданудан
және ысырап болудан қорғайтын, барлық ақылға қонымды шараларын қолдануға, оны қауіпсіз
жұмыс күйінде ұстауға және, қауіпсіздік талаптары мен шығарушы зауыттың техникалық
талаптарына, сонымен қатар,ҚР қолданатын жол жүру ережелеріне сәйкес пайдалануға;
Сақтандырушының талабы бойынша, оның өкіліне КҚ байқауға рұқсат беруге және
Сақтандырушының уәкілетті өкілімен құрастырылған байқау актісіне қол қоюға; сақтандыру
Полисін жасасу үшін, көлік құралы тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесін Сақтандырушыға
тапсыруға; Сақтандырушының уәкілетті өкіліне (соңғының сұратуы бойынша) көлік құралының
(сақтандыру объектінің) құны туралы сараптамалық қорытындысын ұсынуға және КҚ барлық
ішкі және сыртқы
ақаулары туралы хабарлауға; КҚ қараусыз қалғанда, оны жабуға және
айдап кетуден қорғайтын дабылын іске қосуға;сақтандыру Шартын ҚР Азаматтық кодексінің
841 бабымен қамтылған негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатуды растайтын құжаттарын
Сақтандырушыға ұсынуға; Сақтандыру шартын жасасуға, Сақтандырылғанның/Пайда
алушының келісімін алуға.
• Сақтандыру жағдайы басталғанда:
болжалды залалдардың алдын алу немесе оларды азайту бойынша, қалыптасқан жағдайда
ақылға қонымды және қолжетімді барлық шараларды, соның ішінде, КҚ сақтап қалу және
зардап шеккен адамдарға көмек беру шараларын қолдануға; сақтандыру жағдайы басталғаны
туралы, қарауы солардың құзырындағы мемлекеттік өкілетті органдарға жедел хабарлауға.
сақтандыру жағдайы басталғаны туралы, 3 (үш) жұмыс күннен асырмай, ол туралы толық
мәліметті Сақтандырушыға жазбаша немесе электронды үлгіде хабарлауға;
екі сағат аралығында (жолданған сәттен) міндетті түрде, психоактивті заттар қолдану және
мастану дәйегін анықтау үшін, медициналық куәландырудан өтуге (өкілетті органның өкілі
жолдаған жағдайда), және КҚ сақтандыру жағдайы басталған кездегі халінде сақтап қалуға;
Сақтандырушыға (соңғының талабы бойынша) және тәуелсіз бағалау ұйымына (Сақтандырушы
жолдаған болса) көлік құралын байқауға мүмкіндік беруге;
сақтандыру жағдайына байланысты және сақтандыру Ережелерімен белгіленген құжаттарды
өз есебінен жинақтап, Сақтандырушыға тапсыруға;
• ҚР заңнамасымен және сақтандыру Ережелерімен белгіленген өзге де әрекеттерін
жүзеге асыруға.
6. Сақтандырушы құқылы:
Сақтандыру Полисін қолдану алдында, КҚ байқауға және байқау актісін құрастырып, оған
Сақтанушының қолын міндетті түрде қойдыруға; Сақтандырушыға АК байқауды жүзеге асыру
үшін АК тиісті күйінде тапсырудан Сақтанушы жалтаратын болса, сақтандыру жағдайы
басталғанда сақтандыру төлемдерін соңғыға атқарудан бас тартуға; сақтандыру жағдайы
басталу ықтималын және болжалды нұқсан (сақтандыру тәуекелі) мөлшерін анықтау үшін
елеулі маңызы бар жағдаяттар туралы, Сақтанушыдан мәлімет алуға; солардың құзырына орай,
тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сақтандыру жағдайы басталған дәйегін және
келтірілген нұқсан мөлшерін растайтын құжаттарын сұратуға;
-егер, нақты жағдаяттарға қатысты, олардың болмауы сақтандыру жағдайы басталған дәйегін
және нұқсан мөлшерін және/немесе басталу себептерін анықтау мүмкіндігін бермейтін болса,
Сақтанушыдан қосымша құжаттар сұратуға; сақтандыру жағдайы басталған кездегі
сақтандыру тәуекелін және нұқсан мөлшерін бағалауға; Сақтанушыдан сақтандыру Полисінің
барлық ережелерін орындауды талап етуге; осы Шарттың ережелерін өзгертуді немесе
тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге, егер
аталған сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына апарған жағдаяттар туралы дәлелді ақпарат алған
болса; сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға; сақтандыру жағдайы басталғаны туралы дер
кезінде хабардар болуға; сақтандыру жағдайы басталғанын құжаттай расталуына; сақтандыру
жағдайы басталғанына кінәлі тұлғаға кері талап қоюға; сақтандыру Полисін мерзімінен бұрын
бұзуға және Сақтанушының соған қатысты өз міндеттемелерін орындамағаны салдарынан
шеккен нұқсанын өндіріп алуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және
сақтандыру Ережелеріне қайшы келмейтін басқа да әрекеттерін атқаруға.
7. Сақтандырушы міндетті:
сақтандыру жағдайы басталғаны туралы Өтінішті уақтылы қабылдауға; сақтандыру төлемін
атқару мәселесін қарауға; сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; Сақтанушы
(Сақтандырылған), Пайда алушы немесе олардың өкілдері сақтандыру төлемдерін атқару үшін,
барлық қажетті құжаттарын тапсырмаған жағдайда, құжаттар жетіспейтін дәйегі анықталған
сәттен 10 (он) жұмыс күні ішінде ол туралы оларға хабарлауға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және сақтандыру Ережелерімен
қарастырылған басқа да әрекеттерін атқаруға.
8. Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін, сақтандыру Ережелерінде көрсетілген құжаттары
тапсырылған және оқиға сақтандыру жағдайы деп танылған сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен
асырмай жүзеге асырады.
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Пайда алушыға Сақтанушының (Пайда алушының)
сақтандыру жағдайы туралы жазбаша өтініші, оның басталғанын және нұқсан мөлшерін
растайтын құжаттары негізінде жүзеге асырады.
10. Сақтанушы Сақтандырушының мүддесіне қарсы келетін әрекеттер жасамауға, сондай-ақ,
қандай болмасын міндеттемелер жүктемеуге; кез келген ұсыныстар қабылдамауға міндетті;
Сақтандырушының жазбаша рұқсатысыз, осы сақтандыру жағдайына қатысты төлемдер
атқармауға және атқаруға сөз бермеуге.
11. Осы Полиспен реттелмеген басқа мәселелер бойынша, Тараптар Ережелерді басшылыққа
алуға міндеттенеді.
12. Сақтанушы www.ffins.kz сайтына танысу дәйегін және Ереже шарттарымен келіскенін
куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: