Сəлемдесу,оқушылардытүгендеу. І.Қызығушылықтыояту.«Жағымдытілектералқасы»ойыны Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) жəне көбірек түрлі түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды əуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі түсті, ұзын- қысқа жіптер бар. Шын мəнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды əдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді əрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі түсті қысқа жіптен алып, бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып, байлайсыңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.
Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру
Топтастыру. «The Hot» программасы арқылы оқушыларды үш топқа топтастыру. «Робот», «Салт-дəстүр», «Қозғалыс» деген атаулармен топтастыруға болады. Оқушылар өз топтарының атаулары бойынша түсінік береді.