Программалар ортақ тақырып: «Өзім туралы»



бет6/92
Дата25.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#86685
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
қмж2сынып

сабақ. Файлдар мен бумалар



Бөлімі

I бөлім. Компьютерлер мен программалар (ортақ тақырып: «Өзім туралы»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Файлдар мен бумалар

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

        1. файл мен бума туралы түсінік беру;

        2. файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою;

        3. өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Файл мен бума туралы түсінеді.
Оқушылардың көбі үшін:
Файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жоюды біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдаланады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар



(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Боди-арт» əдісі.
Барлық қатысушылар парта бойынша үш қатарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушының арқасына салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы жəне бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Бұл сыныпта жағымды ахуал туғызады.

Топтастыру

Оқушылар алдыңғы іс-əрекет аяқталысымен, сапты бұзбай үш топқа бірігеді: 1-
топ, 2- топ, 3- топ.

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Файл жəне бума туралы не білесің?

  • 1, 2- суреттерді салыстырып не айтуға болады?

  • Үйдегі компьютеріңде тек өзіңе қатысты жеке файл, бумаларың бар ма?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Фигуралар» əдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта.
Оқулық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуына, ешқандай сынға ұшырамауына көңіл бөліңіз. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
(Ұ) Оқулықпен жұмыс.
«Баяндама» əдісі.
Мұғалім оқушыларға мəтінді оқуып,
соңынан оның мазмұнын сурет пен сызба түрінде беруін ұсынады. Бұл
«шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді əрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мəтін бойынша
«баяндама»

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • Сурет, сызба түрінде өз түсінігін ұсынады.

  • Бейнеге қарап баяндайды.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Фигуралар» əдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта






жасайды.
«Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең
ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.













(Т) 1) Файлдар мен бумаларды ажыратып жазыңдар.
2) Қате бума
мен файл
атауларын анықтаңдар.

Дескриптор

  • Файлдар мен бумаларды ажыратады.

  • Қате буманың атауын анықтайды.

  • Қате файлдың атауын анықтайды.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Фигуралар»
əдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта






(Ө) Мына файлдардың ішінде қандай ақпарат бар деп ойлайсың?

Дескриптор
–Берілген файлдармен танысады.
–Файлдардың ішінде қандай ақпарат бар екенін анықтайды.

Топтағы оқушылар бірін- бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай
«Фигуралар» əдісі арқылы
бағалайды.

Интерактивті тақта






(Ұ) Файл, бума мен жарлықтарды жікте.

Дескриптор

  • Файлдарды жіктейді.

  • Бумаларды жіктейді.

  • Жарлықтарды жіктейді.

Жұптағы оқушылар бірін- бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай
«Фигуралар» əдісі арқылы бағалайды.




Сабақтың соңы (7 мин.)

Сабақты бекіту.
Рефлексия

ІІІ. Ой
толғаныс. Рефлексия.
(Ө) «Бес саусақ» əдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дəптерлеріне өз саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың əр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін əр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып біткен соң, бес саусаққа
жазылған

  • Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?

  • Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

  • Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

  • Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қорытынды бағалауы
«Фигуралар» əдісі арқылы жүргізіледі.

Жұмыс дəптерлері






жауаптарын
оқиды.










Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай
тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулықты жəне қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог жəне қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтиды.



«Фигуралар» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не жəрдемдесер еді? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:
2:
Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?
1:
2:



  1. сабақ. Тармақталу алгоритмі



Бөлімі

II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып:
«Менің отбасым жəне достарым»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тармақталу алгоритмі

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Сызықтық алгоритм туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Оқулықта берілген мысалдардың іс-əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Тармақталған алгоритмді жүзеге асырады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Бұлт үстіндегі саяхат» əдісі.
Шарты: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып жəне






таңғаларлық оқиға болуы мүмкін... (30 сек). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне əкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада сейіле бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды
ахуал орнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет