Кортеждер (tuple). Сөздіктер (dict). Кортеждерді, сөздіктерді құру, өзгерту, жою және оның элементтерімен жұмыс істеу. Элементтерге қол жеткізу. Жою, және кері тізімге түрлендіру.
Тұрақты шамаларды сақтауға арналған объект кортеж деп аталады. Кортежде сақталған элементтер индекстеледі, дәлірек айтқанда, номерленеді. Номерлеу жолдық элементтер номері тәрізді нольден басталады. Кортеж элементтеріне қандай операциялар қолдануға болады? Бірінші қолданылатын операция жалғастыру. Алдымен екі кортежді сипаттап, оған жалғастыру операциясын қолданайық. Tuple1 = (7, 8 ,9) Tuple2 = (1, 2, 3) Tuple3 = ('a','b','c') print(Tuple1 + Tuple2)
Python программалау тілінде жиындар – бұл реттелмеген элементтерден тұратын мәліметтер құрылымы болып табылады. Жиын элементтері номерленбейді (индекстелмейді). Тізім элементтері тәрізді, жиын элементтері де өшіріп, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, жиын элементтерінің басқа мәліметтер құрылымымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар: - жиында қайталанатын элементтер болмайды; - жиын элементтері өзгермейді, бірақ жиынның өзін өзгертуге болады (мысалы, жиын элементтерінен list функциясының көмегімен тізім құруға болады); - жиын элементтері индекстелмейтіндіктен, ешқандай қию және индекстеу операциялары орындалмайды
Python программалау тілінде тізімдер және кортеждермен бірге, сөздік деп аталатын мәліметтер типі пайдаланылады. Сөздік – бұл тізімдер тәрізді өзгеретін, реттелмеген (жолдар, тізімдер, кортеждерден өзгешелігі) элементтердің жиыны, оның элементтері «түйінді сөз: мән» түрінде сипатталады. Реттелмеген деген ұғым – элементтер жұбының орналасу реті маңызды емес екенін білдіреді және ол элементтердің индексі бойынша жұмыс істеу мүмкін емес екендігін көрсетеді. Сөздікке ұқсас мәліметтер құрылымы басқа программалау тілдерінде басқаша аталады. Сөздік ұғымы түсінікті болу үшін оны әдеттегі аударма сөздіктермен салыстырып көрейік, ағылшын және қазақ тілі сөздігімен салысытырайық. Аударма сөздікте әрбір ағылшын сөздігінің аудармасы бар: cat - мысық, dog - ит, bird – құс және т.б. Егер ағылшын-қазақ тілі сөздігін Python тілінде сипаттайтын болсақ, онда ағылшын сөздерін түйінді сөз, ал қазақ тіліндегі сөздерді оның мәні ретінде сипаттауға болады: {'cat': 'Мысық', 'dog': 'Ит', 'bird': 'Құс'}
Сөздік тізім тәрізді, өзгермелі мәліметтер типіне жататындықтан элементтерді (түйінді сөз: мән жұбын) өзгертуге, қосуға және өшіруге болады. Алдымен сөздік бос болып құрылады, мысалы, a = {}, одан кейін элементтермен толтырылады. Элементтерді толтыру мен өзгертудің синтаксисі бірдей: сөздік [түйінді сөз] = мән.
len() әдісі. Сөздіктегі элементтердің санын есептеу үшін len() әдісі пайдаланылады
copy() әдісі. Сөздіктің көшірмесін алу үшін copy() әдісі пайдаланылады.
3. items() әдісі. Сөздіктегі өзгерістерді көрсету үшін items() объектісі пайдаланылады.
4. fromkeys() әдісі. Сөздікте пайдаланылатын келесі әдіс fromkeys() деп аталады.
|