Python тіліндегі функциялар мен процедуралар. Функцияларды құру. Функциялармен жұмыс. Процедура мен функцияны қолданып бағдарлама құру.
Функцияны анықтау үшін define - анықтау сөзінен қысқартылып алынған def сөзі пайдаланылады. Одан кейін функцияның аты, дөңгелек жақшаның ішіне функция параметрлері үтір арқылы жазылады.
Функция қосалқы программа болғандықтан, оны негізгі программада пайдаланғанға дейін анықтау керек. Функцияны анықтағаннан кейін оны программада стандартты функция тәрізді шақыра беруге болады. Функция негізгі программада атауы бойынша шақырылады, функция атынан кейін оның параметрлері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Басқа программалау тілдеріндегі тәрізді Python тілінде функцияда пайдаланылатын айнымалылар ауқымды және жергілікті айнымалылар болып бөлінеді.
Негізгі программада сипатталған (бейнеленген) атау, негізгі және қосалқы программада да (функцияларда да) пайдаланыла алады. Мұндай атаулар ортақ (глобальды) айнымалылар деп аталады. Қосалқы программада хабарланған айнымалылар тек сол қосалқы программада ғана пайдаланылады. Мұндай айнымалыларды жергілікті (локальды) айнымалылар деп атайды.
Функцияның мәнін есептеу үшін библиотекадан math функциясы шақырылады. Мұндағы х және у айнымалылары ортақ (глобальды) айнымалылар, өйткені ол негізгі программада да, функцияда да пайдаланылып отыр.
Сонымен, ортақ (глобальды) айнымалылар дегеніміз – функциядан тыс, негізгі программада сипатталған айнымалылар. Жергілікті айнымалылар тек функцияның ішінде ғана пайдаланылады, ол негізгі программада немесе басқа функцияларда шақырылмайды. Функцияның параметрлері дегеніміз – жергілікті айнымалылар, ол тек сол функцияның шеңберінде ғана шақырылады.
|