Циклдік алгоритмдерді программалау. Белгілі шарты бар циклдарды бағдарламалау.
Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін немесе алгоритмдік тілдің бірнеше операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымы бар алгоритмдер, дәлірек айтқанда, қайталанатын алгоритмдер (операторлар) пайдаланылады. Қайталанатын бөліктер әр түрлі заңдылықтар, ережелер бойынша құрастырылады. Python тілінде қайталау процесін екі түрлі жолмен ұйымдастыруға болады: - Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру; - параметрдің мәні бойынша қайталауды ұйымдастыру. Бұл қайталаудың қай-қайсысын алсақ та, олар қайталану операторының көмегімен жүзеге асырылады. Қайталану операторлары құрама операторлардың қатарына жатады.
Қайталану операторының бұл түрі алдын-ала берілген шарт бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан бұл қайталау көп жағдайларда қайталану саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Бұл оператор WHІLE (оқылуы-уаил) - әзір қызметші сөзінің көмегімен орындалады да, алгоритмдік тілдегі “әзір” қайталану командасына сәйкес келеді.
|