Программалау-2 Кредиттер саны: курс, семестр: курс, семестр



бет2/4
Дата16.03.2023
өлшемі53,24 Kb.
#74797
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус Программалау2 ФЕК

Оқу курсының типі: ТК
«Программалау-2» пәнінің мақсаты қолданбалы есептерді шешу, деректерді беру және оларды өңдей білу үшін қажетті тәсілдерді таңдауда студенттерге қажетті біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
«Программалау-2» пәнінің міндеттері:
Қолданбалы есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың автоматтық негіздерін, программалау тілінің классификациясын, мәліметтер типтерін және Python программалау тілінің операторларының классификациясын оқыту: ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модульдер, деректердің динамикалық құрылымын, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілін, объектілі – бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құру болып табылады.
Оқытудың келесі нәтижелері көзделеді:
Әртүрлі алгоритмдердің құрылымдық схемасын; талап ететін есептерге сәйкес мәліметтер құрылымын ұйымдастыруды; ақпаратты өңдеу, іздеу және сақтаудың түрлі тәсілдерін; әртүрлі типті қолданбалы есептерді шешудегі деректердің күрделі құрылымдарын; тіл құрылысын қолданып берілген программалау тілінде программа құру және жақсы стилде программа жазу; программаны сынау және қалыптастыру, сапалы программалық құжаттарды құруды білуі керек. Деректер құрылымы және олардың тәсілдерін жоғары деңгейлі программалау тілінің бірінде (нақты жағдайда Python программалау тілінде) орындай білуді; жоғары деңгейлі программалау тілінің бірінде күрделі құрылымды алгоритмдерді жүзеге асыра білуді; жоғары деңгейлі программалау тілінің біріндеақпараттарды өңдеу және іздеу программаларын жүзеге асыруды меңгереді.


4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек және кешігуге болмайды. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау керек. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет