Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет241/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

II бөлімге арналған жаттығулар
Кластар
Бұл тақырып бойынша лабораториялық жұмыстар тапсырмаларын жүзеге 
асыратын программалар практикумның [12] бірінші семинарында келтірілген. 
1-нұсқа
Стекті жүзеге асыратын класты сипаттау керек. Осы класты темір жолдағы 
Т-түріндегі сұрыптаушы түйінді модельдеу үшін қолданатын програм-
ма жазыңыз. Программа вагондардың екі типінен тұратын пойыз құрамын 
екі бағытқа бөлуі тиіс (əрбір бағытқа бір типті вагондардан тұратын пойыз 
құрамы қалыптастырылады). Пойыз құрамының файлдан жəне пернетақта 
арқылы қалыптастырылу мүмкіндігін қарастырыңыз. 
2-нұсқа
Жаңа элементтерді қосу, бар элементтерді жою, кілті бойынша элементті 
іздеу, сонымен қатар барлық элементтерге тізбекті түрде қол жеткізу 
мүмкіндіктері бар бинарлы бұтақты жүзеге асыратын класты сипаттау керек.
Осы класты ағылшын-орыс сөздігін бейнелеу үшін қолданатын программа 
жазыңыз. Программада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін 
меню болуы тиіс. Сөздіктің файл жəне пернетақта арқылы қалыптастырылу 
мүмкіндігін қарастырыңыз. 
3-нұсқа
Жазықтықтағы геометриялық фигураларды: шеңберді, шаршыны, тік 
төртбұрышты сипаттауға арналған кластар жүйесін құру керек. Объектілерді 
құруға, жазықтықта олардың орнын ауыстыруға, өлшемдерін өзгертуге жəне 
берілген бұрышқа айналдыруға арналған əдістерді қарастырыңыз.
Осы кластармен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Про-
граммада кластардың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню бо-
луы тиіс.
4-нұсқа
Ұйымның пошталық адресі туралы ақпаратты қамтитын кластың сипатта-
масын құру қажет. Адрестің құрамдас бөліктерін жеке-жеке өзгерту, осы класс 
объектілерін құру жəне жою мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
5-нұсқа
Кешендік (комплекстік) сандарды бейнелеуге арналған кластың си-
паттамасын құру қажет. Комплексті сандарды қосу, азайту жəне көбейту 
операцияларының орындалуын қамтамасыз етіңдер.


267
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет