double типті сандармен де,
бүтін сандармен де беру арқылы программа жазу қажет.
12-нұсқа Сандардың бірөлшемді жиымдарының класын параметрлеу керек
(«Кластар» бөлімінің 8-нұсқасын қараңыз). Осы шаблонды əртүрлі типтегі
жиымдарды құру үшін қолданатын программа жазу қажет.
280
13-нұсқа «Кластар» бөлімінің 12-нұсқасында сипатталған класты параметрлеу ке-
рек. Осы үлгіні əртүрлі типтегі матрицаларды құру үшін қолданатын програм-
ма жазу қажет.
14-нұсқа Негізгі операцияларды – элементті қосуды жəне жоюды, жиындардың
қиылысун, бірігуін жəне айырымын орындауға мүмкіндік беретін «жиын»
класының шаблонын сипаттау керек.
Осы шаблонның əртүрлі мəліметтер типтері үшін жұмыс жасауын сипат-
тайтын программа жазыңыз.
15-нұсқа «Бірбағытты сақиналық тізім» класының шаблонын құру керек. Оны
«Мəліметтердің динамикалық құрылымдары» бөліміндегі 6-тапсырманы
орындаған кезде пайдаланыңыз (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды
қараңыз).
16-нұсқа «Екібағытты сақиналық тізім» класының шаблонын құру керек. Оны
«Мəліметтердің динамикалық құрылымдары» бөліміндегі 5-тапсырманы
орындаған кезде пайдаланыңыз (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды
қараңыз).
17-нұсқа «Бірбағытты сызықтық нұсқауыштар тізімі» класының шаблонын құру ке-
рек. Оны «Мəліметтердің динамикалық құрылымдары» бөліміндегі 11-тапсыр-
маны орындаған кезде пайдаланыңыз (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды
қараңыз).
18-нұсқа «Бинарлы бұтақ» класының шаблонын құру керек. Оны «Кластар»
бөліміндегі 2-тапсырманы орындаған кезде пайдаланыңыз.
19-нұсқа «Бинарлы бұтақ» класының шаблонын құру керек. Оны «Мəліметтердің
динамикалық құрылымдары» бөліміндегі 18-тапсырманы орындаған кезде
пайдаланыңыз (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды қараңыз).
20-нұсқа Мəліметтер элементтеріне нұсқауыштары бар «бинарлы бұтақ» класының
шаблонын құру керек. Оны «Мəліметтердің динамикалық құрылымдары»
бөліміндегі 20-тапсырманы орындаған кезде пайдаланыңыз (бірінші бөлімге
арналған жаттығуларды қараңыз).