Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет387/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili


файлында) 
numeric_limits
класының шаблоны 
анықталған, мұнда мəліметтер типінің жүзеге асырылуға тəуелді қасиеттері: ди-
апазоны, дəлдігі, таңбасының болуы, т.с.с. анықталады. Мəліметтердің негізгі 
типтерінің əрқайсысы үшін 
numeric_limits
шаблонының специализациясы 
анықталған. Дəл осы сипаттамалар С кітапханасынан мұраланған 

жəне 

тақырыптақ файлдарында сипатталған тұрақтыларда да 
анықталады, мысалы:

FLT_DIG
– 
fl oat 
типті шамалардағы дұрыс мағыналы цифрлар саны;

FLT_MIN
– 
fl oat
типімен бейнелеуге болатын ең кіші нормаланған 
жылжымалы нүктелі сан;

UINT_MAX
– 
unsigned int
типті шама қабылдай алатын ең үлкен мəн
(65 535 шамасынан кем болмауы тиіс).
Бұл тұрақтылар толығынан 5қосымшада сипатталған.
Жадыны бөлу кезіндегі қателерді өңдеу үшін кітапханада 
bad_alloc
кла-
сы, 
new_handler
қателерді өңдеушіфункциялар типі жəне 
set_new_handler
жаңа өңдеушіні тағайындау функциясы сипатталған.
Жадыны бөлу қателіктерін өңдеудің механизмі келесідей: егер 
new 
опе-
рациясы динамикалық жадының қажетті көлемін бөле алмайтын болса, ол 
new_handler
типті өңдеуші функцияны шақырады, бұл функция жадыны 
босатуға тырысуы тиіс немесе 
bad_alloc
класының немесе одан туынды 
кластың объектісі түрінде аластаманы тудыруы керек, не болмаса программаны 
аяқтау үшін 
abort
немесе 
exit
функциясын шақыруы тиіс. 
set_new_handler
функциясы стандартты өңдеушінің орнына өзіндік өңдеушіні орнату үшін 
қолданылады. Көбінесе ол 
new
жəне 
delete
операцияларын қайта жүктеу 
кезінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет