8
Операторлар
орындалатын жəне
орындалмайтын болып бөлінеді. Орын-
далатын операторлар мəліметтермен атқарылатын əрекеттерді білдіреді.
Орындалмайтын операторлар мəліметтерді сипаттау үшін қажет,
сондықтан
оларды көбінесе сипаттау операторлары немесе жай ғана сипаттауыштар
деп те атайды.
Тілдің əрбір элементі синтаксис жəне семантика арқылы анықталады.
Синтаксистік анықтаулар тіл элементтерінің құрылу ережесін білдіреді, ал се-
мантика олардың мағынасы мен қолданылу ережелерін анықтайды.
Біртұтас алгоритммен біріктірілген сипаттаулар жиыны мен операторлар
алгоритмдік тілдің программасы болып табылады.
Программаны орындау
үшін, оны процессорға түсінікті машиналық кодқа аудару керек. Бұл про-
цесс бірнеше сатылардан тұрады. 1.2-суретте осы сатылар С++ тілі үшін
көрсетілген.
Программа алдымен
препроцессорға беріледі, ол мəтін құрамындағы
ди-
рективаларды (мысалы, мəтінге тақырыптық файлдарды – программада
қолданылатын элементтердің сипаттамасы сақталған мəтіндік
файлдарды
қосуды) орындайды.
Алынған программаның толық мəтіні
компилятордың кіру нүктесіне
беріледі де, компилятор лексемаларды тауып алып, тіл грамматикасының
негізінде, осы лексемалардан тұратын өрнектер мен операторларды анықтайды.
Сонымен қатар, компилятор синтаксистік қателерді табады, егер олар жоқ
болса,
объектілік модуль құрады.
Жинақтауыш (компоновщик) немесе байланыстар
редакторы бір объектілік
модульге басқа объектілік модульдерді жəне де кез келген программада бола-
тын (мысалы, экранға мəлімет шығаруды жүзеге асыру үшін) кітапхана функ-
цияларын қамтитын модульдерді біріктіре отырып, программаның
орындала-
тын модулін қалыптастырады. Егер программа
бірнеше бастапқы файлдардан
құралатын болса, олар жеке-жеке түрлендіріліп, осы жинақтау сатысында
біріктіріледі. Осының нəтижесінде шығатын атқарылатын модульдің кеңейтілуі
.exe болады жəне ол əдеттегі тəсілмен орындауға жіберіледі.
Құжаттамаларда, кітаптарда
Достарыңызбен бөлісу: