Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет64/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

typedef тип жаңа_атау [ өлшемі ];
мұндағы тік жақшалар синтаксис элементі болып табылады. Тип өлшемін 
көрсетпеуге де болады, яғни ол міндетті емес. Мысалдар:
5-1140


66
typedef unsigned int UINT; 
typedef char Msg[100]; 
typedef struct{
char fi o[30];
int date, code;
double salary;} Worker;
Осындай жолмен енгізілген жаңа атауды стандартты типтердің атаулары 
сияқты қолдануға болады:
UINT i, j; // unsigned int типті екі айнымалы
Msg str[10]; // 100 символдық 10 жолдан құралған жиым
Worker stuff[100]; // 100 құрылымнан тұратын жиым
Осы
 typedef
түйінді сөзі сипаттамалары ұзақ болып келетін типтер үшін 
қысқартылған атаулар берумен қатар, программаларды бір платформадан 
екіншісіне көшіру мүмкіндігін жеңілдету үшін де қолданылады: егер машинаға 
тəуелді типтер 
typedef
операторларының көмегімен жарияланған болса, про-
грамманы басқа платформаға ауыстырған кезде тек осы операторларға ғана 
өзгеріс енгізу жеткілікті болып табылады. 
Тізбелер (enum)
Программаларды жазу кезінде кейде барлығының мəндері əртүрлі болуы 
талап етілетін, атау берілген бірнеше тұрақтыларды анықтау қажеттілігі туа-
ды (мұндағы олардың нақты мəндері маңызды болмауы да мүмкін). Осын-
дай мақсатта барлық мүмкін мəндері бүтін сандық тұрақтылармен берілетін 
тізбелік мəліметтер типтерін қолданған ыңғайлы болып табылады. Оның 
форматы:
enum [ тип_атауы ] { тұрақтылар_тізімі };
Тип атауы программада айнымалының жаңа бір типін анықтау керек 
болған жағдайда ғана беріледі. Компилятор осы айнымалылар мəндерінің тек 
берілген тұрақтылар тізімінен қабылдануын қамтамасыз етеді. Тұрақтылар 
бүтін сандық типте болуы керек жəне əдеттегі жолмен инициалданатын бо-
луы тиіс. Инициализатор жоқ болса, бірінші тұрақты нөлге теңестіріледі де, ал 
əрбір келесі тұрақты алдыңғысымен салыстырғанда бірге артық мəн қабылдап 
отырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет