Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет117/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

III кезең. Жобалау (жалпы құрылымды жəне модульдердің өзара 
əрекеттесуін анықтау). Бұл кезеңде программаны төмен қарай жобалау 
технологиясы қолданылады, оның негізгі мəні теориялық тұрғыдан алғанда 
қарапайым: есепті жеке-жеке қарастыруға болатын, күрделілігі төмен ішкі 
шағын есептерге бөлшектеу. Мұндайда программаны біртіндеп байыптау 
(қадамға бөле отырып қарастыру) тəсілі қолданылады. Бұл процесті көзге 
былайша елестетуге болады: алдымен программа жалпыланған əрекеттерді 
түсіне алатын гипотетикалық машина тілінде жазылады, содан соң олардың 
əрқайсысы төменгі абстракциялық деңгейде сипатталады, ары қарай осы 
үлгіде жалғаса береді. Бұл кезеңде интерфейстер спецификациясы, яғни ішкі 
есептердің бір-бірімен əрекеттесу тəсілдері өте маңызды болып табылады.
3.1-
сурет. «Əткеншекті» жобалау кезеңдері


120
Əрбір ішкі есеп үшін жоғарыда көрсетілгенге ұқсас сыртқы специфика-
ция құрылады. Бұл кезеңде программаны модульдерге бөлу мəселелері де 
шешіледі, негізгі критерий – олардың өзара əрекеттесуін барынша азайту. Бір 
есеп бірнеше модульдер көмегімен орындалуы жəне керісінше, бір модульде 
бірнеше есеп шығарылуы мүмкін. Жоғарғы деңгейлі жобалауды аяқтағаннан 
кейін ғана одан төменгі жобалау деңгейіне көшу жүргізіледі. Алгоритмдерді 
жалпылама түрде – мысалы, сөздермен жазу, жалпыланған блок-схемалар 
түрінде немесе басқаша да тəсілдер арқылы жазу атқарылады. Егер алгоритм 
жазуда қиындықтар туындаса, онда ол алгоритмнің нашар құрылғандығының 
белгісі болып табылады.
Жобалау кезеңінде болашақта программаға өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін 
ескеріп, өзгерістерді енгізу барынша жеңіл болатындай етіп жобалауға 
ұмтылған жөн. Қандай өзгерістерді енгізу қажеттігі туындайтыны белгісіз 
болғандықтан, бұл талап «барлығының ортақ теориясын» құруға ұқсас бо-
лады; практика жүзінде нұсқаларды саналы түрде таңдаумен шектелу керек. 
Программалаушы өзінің тəжірибесі мен санасына сүйене отырып, болашақта 
программның қандай қасиеттерін өзгерту керек немесе жетілдіру қажет бола-
тынын шешеді. 
Нақты көлемдегі программалардың барлық егжей-тегжейлерін бірден 
ойластыру мүмкін емес болғандықтан, жобалау үрдісі итерациялық процесс 
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет