Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


GetLength сияқты файлдармен жұмыс істеу функцияларын инкапсуляция- лайтын  CFile



Pdf көрінісі
бет246/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

GetLength
сияқты файлдармен жұмыс істеу функцияларын инкапсуляция-
лайтын 
CFile
класын құру қажет. Осы кластың негізінде 
CmyDataFile
туын-
ды класын құрыңыз, бұл класс құрамында қандай да бір анықталған 
MyData
типіндегі мəліметтер, сонымен қатар осы файлға қатынасуды жеңілдететін 
тақырыбы бар файл болып табылады. 
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу керек. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
2-нұсқа
CPoint
атты нүкте класын құру керек. Осының негізінде 
CcoloredPoint
жəне 
CLine
кластарын құрыңыз. 
CLine
класының негізінде 
CColoredLine
жəне 
CPolyLine
– көпбұрыш кластарын құру қажет. Барлық кластарда барлық 
координаталар мəндерін тағайындауға жəне қабылдауға, сонымен қатар түсті 
өзгертуге жəне ағымдағы түсті қабылдауға арналған əдістер болуы тиіс. 


271
Динамикалық жадыда осы кластар объектілерінің тізімін қолданатын про-
грамма жазу керек. 
3-нұсқа
CVehicle
абстрактылы класын құру қажет. Оның негізінде 
CPlane

ССаr
жəне 
CShip
кластарын жүзеге асырыңыз. Кластардың қатынас көліктерінің 
(қозғалыс құралдарының) координаталарын, параметрлерін (бағасы, жыл-
дамдығы, шығарылған жылы) тағайындау жəне қабылдау мүмкіндіктері болуы 
тиіс. Ұшақ үшін биіктік, ал ұшақ пен кеме үшін жолаушылар саны анықталуы 
тиіс. Кеме үшін оны тізімге алу портын тағайындау керек.
Динамикалық жадыда осы кластар объектілерінің тізімін қолданатын 
программа жазу керек. Программада кластың барлық əдістерін тексеруге 
мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
4-нұсқа
1. «Элемент» базалық класын сипаттау керек. 
Оның өрістері:
□ элемент атауы (символдар тіркесіне нұсқауыш);
□ элементтің кіріс нүктелерінің саны;
□ элемент шығыс нүктелерінің саны.
Əдістері:
□ класс конструкторы;
□ класс деструкторы;
□ элемент атын беретін əдіс.
2. «Элемент» класының негізінде «комбинациялық (аралас) элемент» 
туынды класын сипаттау қажет, туынды класс бірнеше кірісі жəне бір 
шығысы болуы мүмкін комбинациялық (аралас) элементті (екілік тетікті) 
бейнелейді.
Өрістері:
□ шығыстардың мəндері сақталған өрістерді динамикалық түрде орнала-
стыру үшін қолданылатын нұсқауыш. 
Əдістері:
□ конструктор;
□ көшірме конструкторы;
□ деструктор;
□ класс данасының (экземплярының) кірістеріндегі мəндерді беретін əдіс;
□ 
класс данасының (экземплярының) жеке кірісінің қалып-күйін 
сұрастыруға мүмкіндік беретін əдіс;
□ шығыстың мəнін есептейтін (тапсырма нұсқасы бойынша) əдіс;
3. «Элемент» класының негізінде триггерді бейнелейтін «Жады» туынды 
класын сипаттау керек. Триггерлердің олардың типіне сəйкес келетін кірістері 
(төмендегі тапсырма нұсқасын қараңыз), тағайындау жəне түсіру (мəнді 


272
өшіру) кірістері болады. Барлық триггерлер синхронды болып саналады, ал 
синхрокірістің өзі триггер құрамына қосылмайды. 
Өрістері:
□ класс объектісінің кірістер мəндерінің жиымы (статикалық түрде 
беріледі), жиымда барлық кірістер ескеріледі (басқарушы жəне ақпараттық);
□ триггердің тікелей шығысындағы оның қалып-күйі;
□ триггердің инверсті шығысындағы қалып-күйі;
Əдістері:
□ конструктор (келісім бойынша класс данасын (экземплярын) нөлдік 
қалыпқа түсіріп тастайды);
□ көшірме конструкторы;
□ деструктор;
□ класс данасының (экземплярының) кірістеріндегі мəндерді орнататын əдіс;
□ 
класс данасының (экземплярының) жеке кірісінің қалып-күйін 
сұрастыруға мүмкіндік беретін əдістер;
□ ағымдағы жағдайға (күйге) жəне кірістердегі мəндерге байланысты класс 
данасының (экземплярының) қалып-күйін анықтайтын əдіс (тапсырманың 
нұсқасы бойынша);
□ класс даналары (экземплярлары) үшін 
== операциясын қайта 
анықтайтын əдіс.
4. «Жады» класын енгізілетін класс ретінде қолдана отырып, «Регистр» 
класын құру керек. 
Өрістері:
□ «Түсіру» («Мəнді өшіру») кірісінің қалып-күйі – класс данасы үшін біреу;
□ «Орнату» кірісінің қалып-күйі – класс данасы үшін біреу;
□ нұсқада берілген өлшемдегі «Жады» типті статикалық жиымы;
□ сəйкес кірістерінде «Жады» типті жиым элементтерінің мəндері бола-
тын статикалық жиым(дар).
Əдістер:
□ класс данасының (экземплярының) кірістеріндегі мəнді орнататын əдіс 
(əдіске параметрлер ретінде мəндер жиымдарына нұсқауыштарды берген жөн);
□ класс данасының жеке шығысы үшін қалып-күйді сұрастыруға мүмкідік 
беретін əдіс;
□ класс данасының жаңа қалып-күйінің мəнін есептейтін əдіс.
«Элемент», «Комбинациялық» («Аралас») жəне «Жады» кластарының 
барлық өрістері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет