Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет254/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

281
III БӨЛІМ
Стандартты кітапхана
Кез келген программада тілдер операторымен қатар, программа-
лау ортасына кіретін кітапхана құралдары қолданылады. Əртүрлі орталар 
программалаушының құзырына программаларды құруды жеңілдететін əртүрлі 
құралдар жиынтығын ұсынады, мысалы, Microsoft Visual С++ жəне Borland 
С++ компиляторларында Windows қосымшаларын жазуға арналған кластардың 
кітапханалары бар. Кітапханалардың бір бөлігі стандартталған, яғни олар 
қолданушыға С++ тілінің кез келген компиляторымен бірге берілуі керек.
С++ стандартты кітапханасын шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады. 
Біріншісіне С кітапханасынан мұраланған функциялар, макростар, типтер 
жəне тұрақтылар, ал екіншісіне кластар жəне С++ тілінің басқа да құралдары 
жатқызылады. Кітапхананың бірінші бөлігі «Стандартты кітапхана функция-
лары» бөлімінде (92 б.) қарастырылған. Тұрақтылардың, макростардың жəне 
типтердің тізімі 5-қосымшада, ал функцялар тізімі 6қосымшада көрсетілген. 
Екінші бөлігінде кластар, шаблондар жəне басқа да стандартты типтегі ғана 
емес, қолданушылар анықтаған типтегі мəліметтерді де енгізуге, шығаруға, 
сақтауға жəне өңдеуге арналған құралдар қамтылған. 
Стандартты кітапхананың кластарын олардың атқаратын қызметіне байла-
нысты мынадай топтарға бөлуге болады:
□ 
Ағымдық кластар жедел жады мен сыртқы құрылғылардың (мыса-
лы, дискілер мен консоль) арасындағы, сондай-ақ жедел жады аймағында 
орналасқан мəліметтер ағымдарын басқаруға арналады.
□ 
Тіркестік класс символдық тіркестермен ыңғайлы əрі қателерден 
қорғалған түрде жұмыс істеуге арналған.
□ 
Контейнерлік кластар мəліметтерді сақтауға арналған барынша кең 
таралған құрылымдарды, мысалы, тізімдерді, векторларды жəне жиындарды 
жүзеге асырады. Кітапханаға, сонымен қатар, осы контейнерлерді қолданатын 
алгоритмдер де кіреді. 
□ 
Итераторлар контейнерлік жəне басқа да кластардың элементтеріне 
унификацияланған түрде қол жеткізуге арналған.
□ 
Математикалық кластар жылжымалы нүктелі жиымдарды тиімді 
өңдеуді жəне комплекс сандармен тиімді жұмысты істеуді қолдайды. 


282
□ 
Диагностикалық кластар типтерді динамикалық идентификациялау-
ды жəне қателерді объектіге бағытталған түрде өңдеуді қамтамасыз етеді.
□ 
Қалған кластар жадыны динамикалық түрде бөліп үлестіруді, 
жергілікті (локалды) ерекшеліктерге бейімделуді, функционалды объектілерді 
өңдеуді жəне т.б. қамтамасыз етеді.
Контейнерлік кластар, алгоритмдер жəне итераторлар кіретін кітапхана 
бөлігін 
шаблондардың стандартты кітапханасы (STL — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет