Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-нұсқа ТІРКЕС базалық класын сипаттау керек.  Кластың міндетті өрістері: □  char



Pdf көрінісі
бет251/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

8-нұсқа
ТІРКЕС базалық класын сипаттау керек. 
Кластың міндетті өрістері:
□ 
char
типіне нұсқауыш – тіркес символдарын орналастыру үшін 
динамикалық түрде бөлінген жадының адресін сақтайды.

int 
типті мəн – тіркестің ұзындығын байт есебімен сақтайды. 
Міндетті түрде болатын əдістер келесі əрекеттерді орындауы керек:
□ параметрлерсіз конструктор;
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен 
аяқталады);
□ параметр ретінде символды қабылдайтын конструктор;
□ көшірме конструкторы;
□ тіркес ұзындығын анықтау;
□ тіркесті тазарту (тіркесті бос ету);
□ деструктор.
ТІРКЕС класынан туынды КОМПЛЕКС_САН класын сипаттаңыз.
Бұл кластың тіркестері і символымен ажыратылған екі өрістен тұрады. 
Бірінші өріс санның нақты бөлігінің, ал екінші өріс жорамал бөлігінің 
мəнін береді. Өрістердің əрқайсысында тек ондық цифр символдары жəне 
саннық таңбасын көрсететін – жəне + символдары болуы мүмкін. Осы – не-
месе + символдары санның тек алғашқы позициясында орналасуы мүмкін, 
мұнда + символы болмауы да мүмкін, ондайда сан оң болып есептеледі. Егер 
инициалдаушы тіркестің құрамында мүмкін болатын символдардан басқалары 
кездесетін болса, КОМПЛЕКС_САН нөлдік мəн қабылдайды. Тіркестердің 
мысалдары: 33i12, -7i100, +5i-21. 
Міндетті түрде болатын əдістер:
□ параметрлері жоқ конструктор;


278
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен 
аяқталады);
□ көшірме конструкторы;
□ деструктор.
Келесі операцияларды қайта анықтау қажет:
□ меншіктеу (=);
□ (==) операциясы – теңдікке тексеру;
□ көбейту (*) – сандарды көбейту.
Программа құрушы қосымша өрістер мен əдістердің кез келген санын 
(қажеттілігін негіздей отырып) енгізуге құқылы болады.
Келесі əрекеттерді орындайтын тестілік программа жазыңыз:
□ динамикалық түрде базалық класқа нұқауыштар жиымын бөледі (4-6);
□ сұхбат режимінде осы жиымды туынды кластарға нұсқауыштармен тол-
тырады, бұл кезде туынды кластардың даналары (экземплярлары) бастапқы 
мəндерін беру арқылы динамикалық түрде құрылады; 
□ құрылған туынды кластардың даналары үшін қалыптастырылған барлық 
əдістерді тексере отырып, бастапқы мəліметтер мен нəтижелерді дисплейге 
шығарады. 
Əрбір кластың көшірме конструкторлары үшін дисплейдің белгілі бір 
жеріне оның шақырылу санын диагностикалық түрде басып шығаруды 
қарастырыңыз (кластың статикалық мүшелерін қолданған жөн).
Сұхбат режимі иерархиялық меню көмегімен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет