Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Функциялар
Функциялар күрделі алгоритмдерде 
тəртіп орнату үшін қолданылады.
Б. Страуструп
Функцияларды жариялау жəне анықтау
Функция – бұл белгілі бір аяқталған əрекетті орындайтын сипаттамалар 
мен операторлардың атау берілген тізбегі. Функция параметрлерді қабылдап, 
мəн қайтара алады.
С++ тіліндегі кез келген программа функциялардан тұрады, олардың бірі 
міндетті түрде 
main
деп аталуы тиіс (программаның орындалуы осы функ-
циядан басталады). Функцияны шақырған кезде ол орындала бастайды. Кез 
келген функция жариялануы жəне анықталуы тиіс. Функция да басқа шамалар 
сияқты бірнеше рет жариялануы мүмкін, бірақ ол бір-ақ рет анықталуы тиіс. 
Компилятор функцияны шақырудың дұрыстығын тексеруі үшін программа 
мəтінінде функцияны жариялау оны
 шақырудан ерте орналасуы тиіс.
Функцияны жариялау (прототип, тақырып, сигнатура) оның атын, 
қайтарылатын мəнінің типін жəне оған берілетін параметрлер тізімін 


75
тағайындайды. Функцияны анықтауда, оны жариялаумен қатар, функция 
тұлғасы қамтылады, ол жүйелі жақшалар ішіндегі операторлар мен сипатта-
малар тізбегінен тұрады:
[ класс ] типі атауы([ параметрлер_тізімі ]) [throw
( аластамалар )] { функция тұлғасы } 
Фукнкцияны анықтаудың құрама бөліктерін қарастырайық.
□ Міндетті түрде қажет етілмейтін 
класс модификаторының көмегімен
extern
жəне
 static
түйінді сөздерін қолдана отырып, функцияның көріну 
аймағын айқын түрде көрсетуге болады: 

extern
– функцияның программаның барлық модульдерінде 
ауқымды, яғни глобалды (келісім бойынша) түрде көрінуі;

static
– функцияның тек өзі анықталған модуль шеңберінде 
көрінуі.
□ Функцияның қайтаратын мəнінің 
типі
жиым мен функциядан (бірақ 
жиымға немесе функцияға нұсқауыш бола алады) басқа кез келген тип түрінде 
болуы мүмкін. Егер функция оны шақырған программаға ешқандай мəн 
қайтармайтын болса, онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет