278
□ параметр ретінде С-тіркесті қабылдайтын конструктор (нөлдік байтпен
аяқталады);
□ көшірме конструкторы;
□ деструктор.
Келесі операцияларды қайта анықтау қажет:
□ меншіктеу (=);
□ (==) операциясы – теңдікке тексеру;
□ көбейту (*) – сандарды көбейту.
Программа құрушы қосымша өрістер мен əдістердің кез келген санын
(қажеттілігін негіздей отырып) енгізуге құқылы болады.
Келесі əрекеттерді орындайтын тестілік программа жазыңыз:
□ динамикалық түрде базалық класқа нұқауыштар жиымын бөледі (4-6);
□ сұхбат режимінде осы жиымды туынды кластарға нұсқауыштармен тол-
тырады, бұл кезде туынды кластардың даналары (экземплярлары) бастапқы
мəндерін беру арқылы динамикалық түрде құрылады;
□ құрылған туынды кластардың даналары үшін қалыптастырылған барлық
əдістерді тексере отырып, бастапқы мəліметтер мен нəтижелерді дисплейге
шығарады.
Əрбір кластың көшірме конструкторлары үшін дисплейдің белгілі бір
жеріне оның шақырылу санын диагностикалық түрде басып шығаруды
қарастырыңыз (кластың статикалық мүшелерін қолданған жөн).
Сұхбат режимі иерархиялық меню көмегімен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: