14
Кері қиғаш сызықтан басталатын символдар тізбектерін
басқару тізбектері
немесе
escape-тізбектер деп атайды. 1.3-кестеде олардың мүмкін болатын
мəндері берілген. Басқару тізбегі жеке бір символ ретінде қабылданады. Егер
кері қиғаш сызық белгісінен кейін 1.3-кестеде көрсетілмеген символ кездесетін
болса, онда оның нəтижесі белгісіз болып саналады. Ал егер сандар тізбегінде
цифрдан өзге символ кездессе, ол сандық кодтың соңы болып есептеледі.
Басқарушы тізбектер тіркестік литералдар деп аталатын тіркестік
тұрақтыларда қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер тіркес ішіне тырнақша жазу
керек болса, оның алдына кері қиғаш сызық қойылады, сол арқылы компиля-
тор бұл тырнақшаның тіркесті шектейтін тырнақшалардан басқа екенін ажы-
рата алады:
Достарыңызбен бөлісу: