Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


new операциясында  жиымның барлық өлшемдерін көрсету керек (ең сол жақтағы өлшем айныма- лы болуы мүмкін), мысалы: int nstr =5



Pdf көрінісі
бет59/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   465
new
операциясында 
жиымның барлық өлшемдерін көрсету керек (ең сол жақтағы өлшем айныма-
лы болуы мүмкін), мысалы:
int nstr =5;
int ** m = (int **) new int [nstr][10];
Екіөлшемді жиымға компьютер жадынан орын бөлудің əмбебап əрі 
қауіпсіз тəсілі – оның екі өлшемін де программаның орындалуы барысында 
беру, мысалы:


62
int nstr, nstb;
cout << " Жолдар жəне бағаналар санын енгізіңіз:";
cin >> nstr >> nstb;
int **a = new int *[nstr]; //1
for(int i = 0; i
a[i] = new int [nstb]; // 3
...
1
операторында «
int
типіне нұсқауышқа нұсқауыш» типіндегі айнымалы 
жарияланады жəне жиым жолдарына (жолдар саны – 
nstr
) нұсқауыштардан 
құралған жиым үшін жады бөлінеді. 
2
операторында жиымның əрбір жо-
лына жады бөлу үшін цикл ұйымдастырылады. 
3
 
операторында жолдарға 
нұсқауыштардан құралған жиымның əрбір элементіне екіөлшемді жиымның 
жолы үшін бөлінген жады аймағының бастапқы адресі меншіктеледі. Əрбір 
жол 
int 
типті элементтердің 
nstb
санынан тұрады (1.10-сурет).
Кез келген өлшемдердегі жиымнан компьютер жадын босату 
delete[]
операциясы арқылы орындалады. Тұрақтыға нұсқауышты жою мүмкін емес.
ЕСКЕРТУ
Сипаттауларды дұрыс түсіну үшін келесі мнемоникалық ережені есте сақтаған жөн: 
«суффикс префикстен берік бекітілген». Егер айнымалыны сипаттау кезінде бір мезгілде 
*
(нұсқауыш) префиксі жəне 
[]
(жиым) суффиксі қатар қолданылса, онда айнымалы 
жиымға нұсқауыш ретінде емес, нұсқауыштар жиымы ретінде қарастырылады: мысалы, 
int *р[10]; – int
типіне арналған 10 нұсқауыштан құралған жиым.
1.10-сурет.
Екіөлшемді жиымға жады бөлу
Жиымтар қолданылатын басқа программалар практикумның [11] 55-88 
беттерінде қарастырылған.


63
Тіркестер 
Сөз тіркесі немесе тіркес нөл-символмен аяқталатын, символдардан 
құралған жиым болып табылады. Нөл-символ – бұл коды нөлге тең болатын 
символ, ол 
'\0'
басқару тізбегі түрінде жазылады. Нөл-символдың орнала-
суы бойынша тіркестің ұзындығы анықталады. Тіркесті тіркестік литералмен 
инициалдауға болады (13 б. қараңыз):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет