Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет62/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   465
while (*d++ = *src++);
Тіркестермен жұмыс істеудің екі тəсілі де (жиымдар жəне нұсқауыштар 
арқылы) қолайлы, олардың əрқайсысының жағымды жəне жағымсыз жақтары 
бар, бірақ жалпы жағдайда, кітапхана функцияларын пайдалануды неме-
се С++ тілінің стандартты кітапханасында анықталған 
string 
класын 
қолданған жөн. 
string 
класы тіркестерді индекстеуді, меншіктеуді, салысты-
руды, толықтыруды, біріктіруді жəне ішкі тіркестерді іздеуді, сонымен қатар 
Cтіркестерді түрлендіруді, яғни 
char
типті жиымдарды string типіне жəне 
керісінше түрлендіруді қамтамасыз етеді (C++ тіліндегі тіркестер «Тіркестер»
бөлімінде, 307 б. сипатталған ).
ЕСКЕРТУ
String тіркестерінің 
char
типті символдардан тұруы міндетті емес. Бұл кез келген сим-
волдар жиынын (тек ASCII ғана емес) қолдануға мүмкіндік береді, алайда кездейсоқ жиын 
үшін көшіру операциясын өзіңіз анықтап алуыңыз керек, ал бұл жұмыстың нəтижелілігін 
төмендетуі мүмкін.
Тіркестерді қолданатын программалар құру практикумның [11] бесінші се-
минарында көрсетілген.
Қолданушылар анықтайтын мəліметтер типтері
Өмірдегі нақты есептерді шығару кезінде өңделуі тиіс ақпараттың 
құрылымы айтарлықтай күрделі болуы мүмкін. Оларды түпнұсқасына 
сəйкес түрде бейнелеу үшін қарапайым мəліметтер типтерінің – жиымдар 
мен нұсқауыштардың негізінде құрылған күрделірек мəліметтер типтері 
қолданылады. С++ тілі программалаушыға өзіндік мəліметтер типтерін 
құруға жəне олармен жұмыс істеу ережелерін анықтауға мүмкіндік береді. 
Оларды тарихи түрде қолданушылар анықтайтын мəліметтер типтері деп 
атау қабылданған, алайда оларды программалаушы анықтайтын мəліметтер 
типтері деп атаған дұрысырақ болар еді. 
Типтердің атын ауыстыру (typedef)
Программаның айқындылығын жоғарылату үшін типке 
typedef 
түйінді 
сөзінің көмегімен жаңа ат беру мүмкіндігі қарастырылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет