Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет65/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   465
struct [ тип_аты ] { 
тип_1 элемент_1; 
тип_2 элемент_2;

тип_n элемент_n; 
} [ сипаттауыштар_тізімі ];
Құрылым элементтері құрылымның өрістері деп аталады жəне олар 
осы құрылым типінен басқа кез келген типте болуы мүмкін немесе осы 


68
құрылымға нұсқауыш та болуы мүмкін. Егер типтің атауы берілмеген болса, 
онда айнымалылардың, нұсқауыштардың немесе жиымдардың сипаттауыш-
тары тізімі көрсетілуі керек. Мұндайда құрылымның сипаттамасы осы тізім 
элементтерінің анықтамасы ретінде қолданылады:
// Құрылымдар жиымын жəне құрылымға нұсқауышты анықтау: 
struct {
char fi o[30];
int date, code;
double salary; 
} stuff[100], *ps;
Егер тізім берілмесе, құрылымның сипаттамасы жаңа типті анықтайды, 
оның атын кейіннен стандартты типтермен қатар қолдануға болады, мысалы:
struct Worker{ // Worker жаңа типінің сипаттамасы 
char fi o[30]; 
int date, code;
double salary;
}; // сипаттама нүктелі үтірмен аяқталады
/* Worker типті жиымды жəне Worker типіне нұсқауышты 
анықтау: */
Worker stuff[100], *ps;
Компилятордың құрылым мөлшерін білуі міндетті болмаған кезде 
құрылымды жариялағаннан кейін бірден оның атын қолдана беруге болады 
(анықтамасын кейінірек беруге рұқсат етіледі), мысалы:
struct List; 
 
 
// List құрылымын жариялау
struct Link{
List *p; 
 
 
// List құрылымына нұсқауыш 
Link *prev, *succ; // Link құрылымына нұсқауыштар
};
struct List { /* List құрылымының анықтамасы */};
Бұлар бір-бірімен байланысқан құрылымдар тізімдерін құруға мүмкіндік 
береді.
Құрылымды инициалдау үшін оның элементтерінің мəндерін жүйелі 
жақшаның ішінде сипатталу реті бойынша тізіп жазу керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет