124
Мəліметтердің динамикалық құрылымдарымен орындалатын негізгі
операциялардың жүзеге асырылуын қарастырайық (кейіннен тізімнің класс
шаблоны түрінде жүзеге асырылуының мысалы көрсетіледі, 228 б.).
Сызықтық тiзiмдер
Элементтер жиынын байланыстырудың ең жеңіл тəсілі – əрбір элементтің
өзінен кейін орналасқан элементке сілтеме жасауын жүзеге асыру. Мұндай
тізім бірбағытты (бірбайланысты) деп аталады. Егер əрбір элемент үшін
өзінен бұрын орналасқан элементке бағытталған тағы бір сілтеме қосатын
болсақ, онда қосбағытты (қосбайланысты) тізім пайда болады, егер соңғы
элементті нұсқауыш арқылы алғашқы элементпен байланыстырса, сақиналық
тізім құрылады.
Тізімнің əрбір элементінде осы элементті анықтайтын кілт болады. Кілт,
əдетте, бүтін сан немесе тіркес болады жəне ол мəліметтер өрісінің бір бөлігі
болып табылады. Тiзiммен жұмыс істеу барысында кiлт ретінде мəліметтер
өрісінің түрлі бөліктерін қолдануға болады. Мысалы, тегі, туылған жылы,
жұмыс өтілі жəне жынысы толтырылатын сызықтық тізім құрылатын бол-
са, жазбаның кез келген бөлігін кілт ретінде алуға болады: алфавит бойын-
ша сұрыптау кезінде кілт тегі болады, ал іздеу кезінде, мысал ретінде еңбек
ардагерлерiн алсақ, кілт жұмыс өтілі болады. Тізімнің əртүрлі элементтерінің
кілттері сəйкес келуі мүмкін.
Тiзiмдерге келесi операцияларды қолдануға болады:
□ тiзiмді бастапқы қалыптастыру (алғашқы элементін құру);
□ тiзiмнiң соңына элемент қосу;
□ кілті көрсетілген элементтi оқу;
□ элементті тізімнің көрсетілген позициясына кірістіру (кілті берілген
элементтің соңына немесе алдына);
□ кілті көрсетілген элементті жою;
□ тізімді кілт бойынша реттеу.
Қосбағытты сызықтық тiзiмдi қарастырайық. Тізімді қалыптастыру
жəне онымен жұмыс жасау үшін кем дегенде бір нұсқауыш болуы керек –
ол тізім басына сілтеме жасайды. Тізім соңына бағытталған қосымша бір
нұсқауыш енгізген ыңғайлы болады. Жеңілдік үшін тізім бүтін сандардан
тұрады деп есептейік, онда тізім элементінің сипаттамасы төмендегідей
болады:
Достарыңызбен бөлісу: