Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет217/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Екіөлшемді  жиымдар

Бұл тақырып бойынша лабораториялық жұмыстар тапсырмаларын жүзеге 

асыратын программалар практикумның [11] 71 б. келтірілген. 

1-нұсқа

Берілген тікбұрышты бүтін сандық матрицада:

1)  нөлдік элементі жоқ жолдар санын;



152

2)  берілген матрицада бір реттен артық кездесетін сандардың ішіндегі ең 

үлкенін анықтаңыз.

2-нұсқа

Тікбұрышты бүтін сандық матрица берілген. Нөлдік элементі жоқ бағаналар 

санын анықтау керек.

Бүтін сандық матрица жолының сипаттамасы деп оның оң жұп 

элементтерінің қосындысын атайық. Берілген матрицаның жолдарының 

орнын ауыстыра отырып, оларды сипаттамаларының артуы бойынша 

орналастырыңыз.

3-нұсқа

Берілген тікбұрышты бүтін сандық матрицада:

1)  кемінде бір нөлдік элементі бар бағаналар санын;

2)  бірдей элементтердің ең ұзақ тізбегі орналасқан жолдың нөмірін 

анықтаңыз.

4-нұсқа

Берілген квадратты бүтін сандық матрицада:

1)  теріс элементтері жоқ жолдардағы элементтер көбейтіндісін;

2)  матрицаның бас диагоналына параллель орналасқан диагональ-

дердің элементтерінің қосындыларының арасындағы ең үлкенін 

анықтаңыз.



5-нұсқа

Берілген квадратты бүтін сандық матрицада:

1)  теріс элементтері жоқ бағандардағы элементтердің қосындысын;

2) 


матрицаның қосалқы диагоналына параллель орналасқан 

диагональдарының элементтері модульдерінің қосындыларының 

ішіндегі ең кішісін анықтаңыз.

6-нұсқа

Берілген бүтін сандық тікбұрышты матрицада:

1)  кемінде бір теріс элементі бар жолдардағы элементтерінің қосындысын;

2)  матрицаның барлық қайқы нүктелерінің жолдары мен бағандарының 

нөмірлерін анықтаңыз.

ЕСКЕРТУ 

Егер матрицаның А

ij

 элементі  i-ші жолдағы ең кіші жəне j-ші бағанадағы ең үлкен 



элементі болса, онда ол А матрицасының қайқы нүктесі болып табылады.

7-нұсқа

Берілген 8x8 өлшемді матрица үшін оның k нөмірлі жолы k нөмірлі 

бағанасымен бірдей болып келетін k мəндерін табыңыз.



153

Матрицаның кемінде бір теріс элементі бар жолдарындағы элементтерінің 

қосындысын табыңыз.

8-нұсқа

Бүтін сандық матрица бағанасының сипаттамасы деп теріс тақ элементтерінің 

модульдерінің қосындысын атайық. Берілген матрица бағаналарының 

реттілігін сипаттамаларының артуы бойынша орналастырыңыз.

Матрицаның кемінде бір теріс элементі бар бағаналарындағы элементтерінің 

қосындысын табыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет