Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет214/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Бірөлшемді  жиымдар

Бұл тақырып бойынша лабораториялық жұмыстар тапсырмаларын жүзеге 

асыратын программалар практикумның [11] 55 б. келтірілген. 

1-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның теріс элементтерінің қосындысын;

2)  жиымның ең үлкен (максимал) жəне ең кіші (минимал) элементтерінің 

аралығында орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңыз;

Жиым элементтерін өсуі бойынша реттеңдер.

2-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның оң элементтерінің қосындысын;

2)  жиымның модулі бойынша ең үлкен (максимал) жəне модулі бойынша 

ең кіші (минимал) элементтерінің аралығында орналасқан элементтерінің 

көбейтіндісін анықтаңыз;

Жиым элементтерін кемуі бойынша реттеңдер.



3-нұсқа

n бүтін элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның жұп нөмірлі элементтерінің көбейтіндісін;

2)  жиымның алғашқы жəне екінші нөлге тең екі элементінің аралығында 

орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңыз;

Жиымның барлық оң элементтері оның алдыңғы жағында, ал теріс элементтері 

соңғы жағында орналасатындай етіп түрлендіріңдер.



4-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның тақ нөмірлі элементтерінің қосындысын;

2)  жиымның алғашқы жəне ең соңғы  теріс екі элементінің аралығында 

орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңыз;

Жиымның модульдері 1-ден кіші элементтерін жойып, қысқартыңыз да, 

жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен толтырыңыз.



5-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның ең үлкен элементін;

2)  жиымның алғашқы теріс элементіне дейін орналасқан элементтерінің 

қосындысын анықтаңыз;

Жиымның модульдері [а, b] аралығында орналасқан элементтерін жойып, 

қысқартыңыз да, жиымның соңында бос қалған элементтерін нөлдермен 

толтырыңыз.



149

6-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның ең кіші элементі мен оның нөмірін;

2)  жиымның ең алғашқы жəне ең соңғы оң элементтері аралығында 

орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңыз;

Жиымның алдыңғы жағында тек нөлге тең элементтері, сонан кейін барып 

басқалары орналасатындай етіп түрлендіріңдер. 



7-нұсқа

n бүтін элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның ең үлкен элементі мен оның нөмірін;

2)  жиымның ең алғашқы жəне ең соңғы нөлге тең элементтері аралығында 

орналасқан элементтерінің көбейтіндісін анықтаңыз;

Жиымның бірінші жартысында – оның тақ нөмірлі элементтері, ал 

екінші жартысында – жұп нөмірлі элементтері орналасатындай етіп түр-

лендіріңдер. 

8-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның ең кіші элементінің нөмірін;

2)  жиымның ең алғашқы жəне одан кейінгі теріс элементтері аралығында 

орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңыз;

Жиымның алғашқы жағында – оның модульдері 1-ден кіші элементтері, ал 

соңында – қалған элементтері орналасатындай етіп түрлендіріңдер. 



9-нұсқа

n нақты элементтерден тұратын бірөлшемді жиымда:

1)  жиымның модулі бойынша ең үлкен элементін;

2)  жиымның ең алғашқы жəне одан кейінгі оң элементтері аралығында 

орналасқан элементтерінің қосындысын анықтаңыз;

Жиымның нөлге тең элементтері оның соңғы жағында орналасатындай етіп 

түрлендіріңдер. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет