Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мəліметтердің динамикалық құрылымдары



Pdf көрінісі
бет243/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Мəліметтердің динамикалық құрылымдары

Осы тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстарды жүзеге асыра-

тын программалар практикумның [11] 169 б. берілген.

1-нұсқа

Автобус паркінде автобустардың болуы туралы динамикалық ақпараттан 

тұратын программа құрыңыз.

Əрбір автобус туралы төмендегідей ақпараттар бар:

□  автобус нөмірі;

□  жүргізушінің тегі мен инициалдары;

□  жүру бағытының нөмірі.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□  парктегі барлық автобустар туралы мəліметтерді бастапқы тізім түрінде 

қалыптастыру;

□  əрбір автобус парктан шыққан кезде автобус нөмірі енгізіледі жəне 

программа осы автобус туралы мəліметтерді паркте орналасқан автобу-

стар тізімінен өшіріп, бұл мəліметтерді жолда жүрген автобустар тізіміне 

жазады;


□  əрбір автобус паркке кірген кезде автобус нөмірі енгізіледі жəне про-

грамма осы автобус туралы мəліметтерді жолда жүрген автобустар тізімінен 

өшіріп, бұл мəліметтерді паркте орналасқан автобустар тізіміне жазады;

□  сұраныс бойынша паркте орналасқан немесе бағыт бойынша жолда 

жүрген автобустар туралы мəліметтер беріледі.

2-нұсқа

Кітапханадағы кітаптар туралы ағымдағы ақпаратты қамтитын программа 

кұрыңыз.

Əрбір кітап туралы төмендегідей ақпараттар бар:

□  ƏОЖ – əмбебап ондық жіктелу (УДК) нөмірі;

□  автордың тегі мен инициалдары;

□  атауы;

□  басылып шығарылған жылы;

□  кітапханадағы осы кітаптар саны.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□  кітапханадағы барлық кітаптар туралы мəліметтерді екілік бұтақ түрінде 

бастапқы қалыптастыру;

□  кітапханаға жаңадан түсетін кітаптар туралы мəліметтер қосу;



180

□  есептен шығарылатын кітаптар туралы мəліметтерді өшіру;

□  сұраныс бойынша кітапханадағы басылып шығарылған жылы бойынша 

реттелген кітаптар туралы мəліметтер беріледі.



3-нұсқа

Əуе билеттеріне жасалған тапсырыстар туралы ағымдағы ақпаратты 

қамтитын программа кұрыңыз.

Əрбір тапсырыс туралы төмендегідей ақпараттар бар:

□  баратын пункт атауы;

□  рейс нөмірі;

□  жолаушының тегі мен инициалдары;

□  қалайтын ұшу күні.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□  барлық тапсырыстарды тізім түрінде сақтау;

□  тізімге тапсырыстарды қосу;

□  тапсырыстарды өшіру;

□  тапсырыстарды берілген рейс нөмірі жəне ұшу күні бойынша басылып 

шығару;


□  барлық тапсырыстарды шығару.

4-нұсқа

Əуе билеттеріне жасалған тапсырыстар туралы ағымдағы ақпаратты 

қамтитын программа кұрыңыз.

Əрбір тапсырыс туралы төмендегідей ақпараттар бар:

□  баратын пункт атауы;

□  рейс нөмірі;

□  жолаушының тегі мен инициалдары;

□  қалайтын ұшу күні.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□  барлық тапсырыстарды екілік бұтақ түрінде сақтау;

□  тапсырыстарды қосу жəне өшіру;

□ берілген рейс нөмірі жəне ұшу күні бойынша тапсырыстарды басылып 

шығарылу жəне кейіннен өшіру;

□  барлық тапсырыстарды шығару.



5-нұсқа

Кітапханадағы кітаптар туралы ағымдағы ақпаратты қамтитын программа 

кұрыңыз.

Əрбір кітап туралы төмендегідей ақпараттар бар:

□  ƏОЖ– əмбебап ондық жіктелу (УДК) нөмірі;

□  автордың тегі мен инициалдары;

□  атауы;

□  басылып шығарылу жылы;




181

□  кітапханадағы осы кітаптар саны.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□  кітапханадағы барлық кітаптар туралы мəліметтерді бастапқы тізім 

түрінде қалыптастыру;

□  əрбір кітапты алу кезінде ƏОЖ нөмірі енгізіледі жəне программа 

кітаптар санын бірге кемітеді немесе қажетті кітап кітапханада жоқ немесе 

қолда екендігі туралы хабарлама береді;

□  əрбір кітап қайтарылған кезде ƏОЖ нөмірі енгізіледі жəне программа 

кітаптар санының мəнін бірге арттырады;

□  сұраныс бойынша кітапханада кітаптардың бар-жоқтығы туралы ақпарат 

беріледі.



6-нұсқа

Автобустар паркінде бар автобустар туралы динамикалық ақпараттан 

тұратын программа құрыңыз.

Əрбір автобус туралы төмендегідей ақпараттар бар: 

□ автобус нөмірі;

□  жүргізушінің тегі мен инициалдары;

□  жүру бағытының нөмірі;

□  автобустың жолда немесе паркте болуының белгісі.

Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

□ барлық автобустар туралы мəліметтерді бастапқы тізім түрінде 

қалыптастыру;

□  əрбір автобус парктан шыққан кезде автобус нөмірі енгізіледі жəне про-

грамма «автобус жолда» белгісін орнатады;

□  əрбір автобус паркке кірген кезде автобус нөмірі енгізіледі жəне про-

грамма «автобус паркте» белгісін орнатады;

□  сұраныс бойынша паркте орналасқан немесе бағыт бойынша жолда 

жүрген автобустар туралы мəліметтер беріледі.

7-нұсқа

Лабиринттан дұрыс шығатын жолды табатын программа құрыңыз. Лаби-

ринт шаршылардан тұратын матрица түрінде бейнеленеді. Əрбір шаршы ашық 

немесе жабық болады. Жабық шаршыға кіруге тыйым салынған. Егер шаршы 

ашық болса, оған қабырға жағынан кіруге болады, бірақ бұрыш жақтан кіруге 

болмайды. Əрбір шаршы өзінің матрицадағы координаталарымен анықталады.

Программа лабиринттан шығатын жолды берілген кіріс нүктесінен бастап 

табады. Дұрыс жолды тапқаннан кейін программа оны шаршының координа-

талары түрінде шығарады. Жолды есте сақтау үшін стекті қолданыңыз.

8-нұсқа

Машиналар қойылатын гараждық тұрақ бір қатар жолақтан ғана тұрады 

жəне олардың кіру жəне шығу нүктелері жолақтың бір басында орналасқан. 



182

Егер көлік иесі өз машинасын алып кетуге келіп, бірақ көлігі шығатын жолға 

ең жақын орналаспаған болса, жолды бөгеп тұрған барлық көліктер жойы-

лады, берілген адамның көлігі тұрақтан шығарылады да, жойылған көліктер 

тұраққа бастапқы ретпен қайта орналастырылады. 

Көліктердің кіру жəне шығу əрекеттерін модельдейтін программа құрыңыз. 

Көліктің кіруі немесе шығуы командалық жол арқылы беріледі, мұнда көліктің 

келуінің немесе кетуінің белгісі жəне көлік нөмірі көрсетіледі. Программа кез кел-

ген көліктің келген жəне кеткен уақыты жайлы хабарлама шығаруы керек. Көлік 

тұрақтан шыққан кездегі хабарламада басқа көліктердің шығуын қамтамасыз ету 

үшін осы көліктің тұрақтан неше рет жойылғандығын көрсету керек.

9-нұсқа

Иілгіш магниттік дискінің мəліметпен толуын модельдейтін программа 

құрыңыз.

Дискідегі жадының жалпы көлемі 360 Кбайт. Файлдардың ұзындықтары 

18 байттан 32 Кбайтқа дейінгі аралықтағы кез келген мəнді қабылдай алады. 

Жұмыс барысында файлдар дискіге жазылады немесе дискіден өшіріледі.

Жұмыс басында файлдар бірінен соң бірі кезекпен жазылады. Файлды 

өшіргеннен кейін дискіде бос жады аймағы пайда болады жəне жаңадан жа-

зылатын файл осы бос аймаққа немесе файл бұл аймаққа сыймаған жағдайда 

соңғы жазылған файлдан кейін  орналастырылады. 

Егер файлдың көлемі дискідегі бос аймақ көлемінен асып кетсе, қате ту-

ралы хабарлама шығарылады. Файлдарды жазу немесе өшіру туралы сұраныс 

команда жолында беріледі, мұнда файл аты, оның байтпен берілген көлемі, 

жазылу немесе жойылу белгісі көрсетіледі. Программа сұраныс бойын-

ша дискідегі бос немесе пайдаланылатын аймақтары туралы мəліметтерді 

шығарып беруі керек.

Нұсқау: дискідегі бос жəне пайдаланылатын аймақтар тізімін жеке-жеке 

құрған жөн.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет