□ телефон арқылы болған байланысты төлеуге хабарлама шығарады.
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
□ телефон байланысын төлеуге хабарлама шығарады.
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
186
19-нұсқа
Темір жол бекетіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде алысқа
жүретін пойыздардың жүру ережесі сақталған. Əр пойыз үшін төмендегі
мəліметтер көрсетіледі:
□ пойыз нөмірі;
□ баратын станциясы;
□ жүру уақыты.
Ақпараттық жүйедегі мəліметтер сызықтық тізім түрінде ұйымдастырылған.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ ақпараттық жүйеге мəліметтерді бастапқы енгізуді жəне сызықтық
тізімді құруды қамтамасыз етеді;
□ тізімді толығымен шығаруды орындайды;
□ пойыз нөмірін енгізіп, ол туралы барлық ақпаратты шығарады;
□ баратын станциясының атын енгізіп, сол станцияға дейін жүретін барлық
пойыздар туралы мəліметтерді экранға шығарады.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
20-нұсқа
Темір жол бекетіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде алысқа
жүретін пойыздардың жүру ережесі сақталған. Əр пойыз үшін төмендегі
мəліметтер көрсетіледі:
□ пойыз нөмірі;
□ баратын станциясы;
□ жүру уақыты.
Ақпараттық жүйеде мəліметтер екілік бұтақ түрінде ұйымдастырылған.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ ақпараттық жүйеге бастапқы мəліметтерді енгізуді жəне екілік бұтақ
құруды қамтамасыз етеді;
□ бұтақты толығымен экранға шығаруды орындайды;