10-нұсқа
Көпмүшеліктің дəрежесі жəне коэффициенттері жиым арқылы берілетін
бір айнымалыға тəуелді көпмүшелер класының сипаттамасын құру қажет.
Берілген аргумент үшін көпмүшеліктің мəнін есептеу, көпмүшелерді қосу,
азайту жəне көбейту операцияларының көмегімен жаңа объект-көпмүшені
алу, көпмүшенің сипаттамасын экранға шығару əдістерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
11-нұсқа
Тіркестердің бірөлшемді жиымдары класының сипаттамасын құру керек,
əрбір тіркес ұзындығы жəне өзіне бөлінген жадыға нұсқауыш арқылы беріледі.
Жиымдар шекараларынан шығуды қадағалау, жиымның жеке тіркестерін
индекстері арқылы пайдалану, екі жиымды элемент бойынша тізбектей
біріктіру арқылы жаңа жиымды қалыптастыру, қайталанатын элементтерді жоя
отырып, екі жиымды біріктіру, берілген индексі бойынша жиымның элементін
немесе жиымды толығымен экранға шығару мүмкіндігін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазу қажет. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
12-нұсқа
Кездейсоқ өлшемдегі матрицаны бейнелейтін жəне оның жолдары мен
бағаналарының санын өзгерту, кез келген өлшемдегі ішкі матрицаны неме-
се матрицаны толығымен экранға шығару мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
кластың сипаттамасын құру қажет.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
13-нұсқа
Тіркестермен тиімді жұмыс істеуге арналған, тіркестерді форматтауға жəне
салыстыруға, тіркестерде сандық мəндерді сақтауға жəне оларды шығарып
алуға мүмкіндік беретін класты жазыңыз. Ол үшін мыналарды жүзеге асыру
қажет:
□ асыра жүктелген меншіктеу операторлары жəне конкатенация;
□ типтерді келтіру жəне салыстыру операциялары;
□ кез келген типті санға түрлендіру;
□ тіркесті форматты түрде шығару.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
14-нұсқа
«Үй кітапханасы» класын сипаттау керек. Кітаптардың кездейсоқ са-
нымен жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша кітаптарды іздеу (мысалы,
авторы немесе шығарылған жылы бойынша), кітпаханаға жаңа кітаптарды
269
енгізу, одан кітаптарды өшіру, кітаптарды əртүрлі өрістер бойынша сұрыптау
мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
15-нұсқа
«Жазба кітапшасы» класын сипаттау керек. Кездейсоқ жазбалар санымен
жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша жазбаны іздеу (мысалы, тегі, туған
күні немесе телефон нөмірі бойынша), жазбаларды қосу жəне өшіру, оларды
əртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
16-нұсқа
«Студенттік топ» класын сипаттау керек. Студенттердің айнымалы саны-
мен жұмыс істеу, белгілі бір сипаты бойынша студентті іздеу (мысалы, тегі,
туған күні немесе телефон нөмірі бойынша), жазбаларды қосу жəне өшіру,
оларды əртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
17-нұсқа
«Нақты матрица» мəліметтер типін пайдаланатын жəне олармен жұмыс
істеуді іске асыратын класты сипаттау керек. Класс матрицалармен келесі
операциялардың орындалуын жүзеге асыруы тиіс:
□ қосу, азайту, көбейту жəне бөлу (+, -, *, /) (басқа бір матрицаға көбейту
мен бөлу операцияларымен қатар, сандарға да қатысты операциялар
орындалуы мүмкін);
□ аралас меншіктеу операциялары (+=, -=, *=, /=);
□ теңдікке/теңсіздікке салыстыру операциялары;
□ кері жəне транспонирленген матрицаны есептеу операциялары жəне
дəрежелеу операциясы;
□ детерминантты жəне норманы есептеу əдістері;
□ матрицаның типін (квадраттық, диоганалдық, нөлдік, бірлік, симме-
триялы, жоғарғы үшбұрышты, төменгі үшбұрышты) тексеруді жүзеге
асыратын əдістер;
□ стандартты ағымдарға енгізу/шығару операциялары (305 б.)
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
18-нұсқа
Негізгі операцияларды – элементті қосу жəне өшіруді, жиындардың
қиылысуын, біріктірілуін жəне айырмасын орындауға мүмкіндік беретін
«жиын» класын сипаттау керек.
270
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программа жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
19-нұсқа
Стекті жүзеге асыратын класты сипаттау керек. Осы класты лабиринттен
шығатын жолды табу үшін қолданатын программа жазыңыз.
Лабиринт шаршылардан тұратын матрица түрінде беріледі. Əрбір шаршы
ашық немесе жабық болады. Жабық шаршыға кіруге тыйым салынған. Егер
шаршы ашық болса, онда оған қабырғасынан кіруге болады, бірақ бұрышынан
кіру мүмкін емес. Əрбір шаршы өзінің матрицадағы координаталары арқылы
анықталады. Программа шығатын жолды тапқаннан кейін осы жолды
шаршылардың координаталары түрінде экранға шығарады.
20-нұсқа
«Пəндік нұсқауыш» класын сипаттау керек. Нұсқауыштың əрбір компоненті
сөзді жəне осы сөз кездесетін беттердің нөмірлерін сақтайды. Бір сөзге қатысты
беттер нөмірлерінің саны бір мен онның аралығында болады. Нұсқауышты
пернетақта арқылы жəне файлдан енгізіп қалыптастыру, нұсқауышты шығару,
берілген сөз үшін бет нөмірлерін шығару жəне нұсқауыштан элементті жою
мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Осы класпен жұмыс істеуді сипаттайтын программаны жазыңыз. Програм-
мада кластың барлық əдістерін тексеруге мүмкіндік беретін меню болуы тиіс.
Мұралау
Бұл тақырып бойынша лабораториялық жұмыстар тапсырмаларын жүзеге
асыратын программалар практикумның [12] екінші семинарында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |