Функциялар
Функциялар күрделі алгоритмдерде
тəртіп орнату үшін қолданылады.
Б. Страуструп
Функцияларды жариялау жəне анықтау
Функция – бұл белгілі бір аяқталған əрекетті орындайтын сипаттамалар
мен операторлардың атау берілген тізбегі. Функция параметрлерді қабылдап,
мəн қайтара алады.
С++ тіліндегі кез келген программа функциялардан тұрады, олардың бірі
міндетті түрде
main
деп аталуы тиіс (программаның орындалуы осы функ-
циядан басталады). Функцияны шақырған кезде ол орындала бастайды. Кез
келген функция жариялануы жəне анықталуы тиіс. Функция да басқа шамалар
сияқты бірнеше рет жариялануы мүмкін, бірақ ол бір-ақ рет анықталуы тиіс.
Компилятор функцияны шақырудың дұрыстығын тексеруі үшін программа
мəтінінде функцияны жариялау оны
Достарыңызбен бөлісу: |