немесе
тақырыптық файлын іске қосу керек.
Енгізу/шығару кезінде мəліметтер байттар ағымы ретінде қарастырылады.
Физикалық тұрғыдан алғанда ағым файл немесе құрылғы (мысалы, файлдың
дербес жағдайы ретінде қарастырылатын пернетақта немесе дисплей) болып
табылады.
Ағымды ашу
Ағыммен жұмыс істеу оны ашудан басталады. Мəлімет оқу жəне/немесе
жазу үшін ағымды екілік немесе мəтіндік режимде (тəртіпте) ашуға болады.
Ағымды ашу функциясының форматы төмендегідей болады:
FILE* fopen(const char* fi lename, const char* mode);
Ағымды ашу сəтті орындалған жағдайда, функция ағыммен жұмыс
істеуге қажетті барлық ақпаратты қамтитын
FILE
типті алдын ала анықталған
құрылымға нұсқауышты, ал кері жағдайда
NULL
мəнін қайтарады. Бірінші па-
раметр – С-тіркес түріндегі ашылатын файлдың аты, екіншісі – файлды ашу
режимі. Ашу режимдері былай белгіленеді:
Достарыңызбен бөлісу: |