setbuf
жəне
setvbuf
функцияларының көмегімен басқаруға болады.
Программа жұмысының басында ашылатын, алдын ала анықталған
бес ағым бар, олар:
stdin
стандартты түрде мəлімет енгізу,
stdout
стандартты түрде мəлімет шығару,
stderr
қателер туралы стандарт-
ты хабарламалар шығару ағымдары,
stdaux
қосымша стандартты ағым
жəне
stdprn
баспаға шығарудың стандартты ағымы. Келісім бойынша
алғашқы үш ағым консольге қатысты болып саналады. Бұларды ағым
нұсқауышы қажет болғанда, кез келген енгізу/шығару функциясында
қолдануға болады.
Ағымға мəлімет енгізу/шығару
Ағымға мəлімет енгізу/шығару əрекеттерін əртүрлі тəсілдермен: байт-
тар тізбегі түрінде, символдар мен тіркестер түрінде немесе форматтық
түрлендірулерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Əрбір операция
түрі үшін өзіндік функциялар жиыны анықталған. Олар 6-қосымшада, 439 б.
сипатталған.
Енгізу/шығару операциялары ағым нұсқауышының орны арқылы анық-
талатын ағымның қазіргі сəттегі позициясынан бастап орындалады. Файл-
ды ашу кезінде нұсқауыш оның басына немесе соңына (ашу режиміне бай-
ланысты) орналастырылады жəне əрбір енгізу/шығару операциясынан кейін
автоматты түрде өзгеріп отырады. Нұсқауыштың ағымдағы орнын
Достарыңызбен бөлісу: |