«Іздей отырып қосу алгоритміне сенiмсiздiк білдіру – заңды құбылыс» – классикалық «Алгорит-
136
Бұтақты қарап шығу функциясын толығырақ қарастырамыз. Оған екінші
параметр ретінде түйіннің қай деңгейде жатқанын анықтайтын бүтін айны-
малы беріледі. Түбір 0 деңгейінде орналасады. Бұтақ түбір сол жақта бола-
тындай етіліп, көлденең бағытта басып шығарылады (программа жұмысының
нəтижесіне басыңызды солға қарай еңкейтіп қараңыз жəне оны 3.3-суретпен
салыстырыңыз). Бұтақтың құрылымын бейнелеу үшiн түйiн мəнiнiң алдын-
да саны түйін деңгейіне пропорционал бос орындар шығарылады. Егер бос
орындарды шығару циклін түсініктемеге алса, өсу ретімен сұрыпталған жиым
бағана түрінде шығарылады. Бірнеше жолдан тұратын бұтақты қарап шығу
функциясы кез келген өлшемдегі бұтақты басып шығара алады – тек стектің
көлемі бұл ережеге бағынбайды.
Бұтақтан түйінді жою жеңіл орындалатын іс емес, өйткені жойыла-
тын түйін түбірлік болуы немесе оның құрамында ішкі бұтақтарға екі, бір
сілтеме болуы, тіпті сілтемелер болмауы да мүмкін. Құрамындағы сілтемелер
саны екіден артпайтын түйіндерді жою қиындық тудырмайды. Екі сілтемесі
бар түйінді жойған кезде бұтақтың реттелген күйін сақтап қалу үшін, бұл
түйінді оған кілті барынша ең жақын түйінмен алмастырады. Бұл оның сол
жақ ішкі бұтағының ең оң жақтағы түйіні немесе оң жақ ішкі бұтағының ең
сол жағындағы түйіні болуы мүмкін (мысалы, 3.3-суреттегі бұтақтан кілті 25
болатын түйінді жою үшін оны 21 немесе 30 кілті бар түйіндерге алмастыру
керек, ал 10 түйіні 20 немесе 8 түйіндеріне алмастырылады, т.с.с). Бұтақтан
түйінді жою функциясының жүзеге асырылуы оқырманға өзіндік жұмыс
ретінде қалдырылған.
Достарыңызбен бөлісу: