Динамикалық құрылымдарды жиым көмегімен жүзеге асыру
Жадыны бөлу жəне босату операциялары – қымбатқа түсетін əрекеттер,
сондықтан мəліметтің керекті үлкен көлемін оны қолданудан бұрын анықтау
мүмкін болып, ол жұмыс барысында өзгермейтініні белгілі болса (мыса-
лы, файл құрамын сұрыптауда), онда оған жадының үздіксіз аймағын бөлу
əлдеқайда тиімді болар еді. Мұндайда элементтер арасындағы байланыстар
нұсқауыштар арқылы емес, элементтер нөмірлері сақталатын қосалқы айны-
малылар немесе жиымдар арқылы жүзеге асырылады.
Стекті осылайша жүзеге асыру жеңіл болады. Стектің мəліметтер типіне
сəйкес келетін элементтер жиымына қосымша тек стектің төбесі болып табы-
латын жиым элементінің индексін сақтауға арналған бүтін типті бір айнымалы
болғаны жеткілікті. Стекке орналастыру кезінде индекс бірге артып отырады
да, ал таңдау кезінде ол бірге кемиді.
Кезекті жүзеге асыру үшін екі бүтін типті айнымалы – кезектің басы жəне
соңы болатын жиым элементтерінің индекстерін сақтау үшін қажет.
Сызықтық тізімді құру үшін қосымша бүтін сандар жиымы жəне бір айны-
малы керек, мысалы:
137
Достарыңызбен бөлісу: |