р[5]
немесе
*(р+5)
өрнектері арқылы қол жеткізуге болады.
Динамикалық жиымды құрудың альтернативті (баламалы) тəсілі – С тілі
кітапханасының
malloc
функциясын қолдану:
int n = 100;
fl oat *q = (fl oat *) malloc(n * sizeof(fl oat));
malloc
функциясын пайдалану алдында жазылған типті түрлендіру
операциясының қажеттілігі келесі себеппен түсіндіріледі: функция
void*
типті
нұсқауыш мəнін қайтарады, ал инициалданған нұсқауыштың типі –
fl oat
.
Динамикалық жиым үшін
new[]
операциясы арқылы бөлінген жады
delete[]
операциясы арқылы босатылады, ал
mallос
функциясы арқылы
бөлінген жадыны
free
функциясының көмегімен босату керек, мысалы:
delete [] p; free (q);
Компьютер жадын бөлу жəне босату тəсілдері сəйкес келмеген жағдайда
туындайтын нəтиже белгісіз болып табылады.
delete
операциясында жиым
өлшемі көрсетілмейді, бірақ тік жақшалар міндетті түрде жазылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |