Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет90/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

#include  

int main(){

const int n = 10; 

int i, sum;

int marks[n] = {3, 4, 5, 4, 4}; 

for (i = 0, sum = 0; i

cout << "Элементтер қосындысы:  " << sum; 

return 0; 

}

Жиымдардың өлшемдерін, осы мысалда көрсетілгендей түрде, атауы 

бар тұрақтылар көмегімен берген жөн, себебі мұндайда оны өзгерту үшін 

программаның тек бір бөлігіндегі тұрақтының мəнін түзету жеткілікті. 

Жиымның соңғы элементінің нөмірі оны сипаттау кезінде көрсетілген 

өлшемінен бірге кем болатынына назар аударыңыз.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Жиым элементтерін пайдалану кезінде элемент индексінің жиым шекарасынан шығып 

кетуі автоматты түрде қадағаланбайды, бұл қателіктердің туындауына алып келеді. 

Мысал. Бүтін сандар түрінде берілген жиымды таңдау əдісімен сұрыптау 

(реттеу) керек.  Алгоритмнің жұмысы келесідей: жиымның ең кіші элементі 

таңдалып, ол жиымтың алғашқы элементімен орын ауыстырады, содан кейін 

жиым екінші элементтен бастап қарастырылып, оның да ішіндегі ең кішісі 

мен екінші элементтің орны ауыстырылады жəне осылайша n-1 рет орын 

ауыстырулар атқарылады (циклдің ең соңғы орындалуында, қажет болса, ең 

соңғы элемент өзінің алдындағы элементпен алмасады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет