«Программалау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі47,79 Kb.
#11366
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР




  1. Пәннің қысқаша мазмұны:

Деректерді өңдеу жүйесінің техникалық негізі ретінде компьютердің мүмкіншілігі пайдаланатын бағдарламалық жасаумен (бағдарламамен) байланысты. Бағдарламалау - бағдарлама құрумен байланысты теориялық және практикалық іс-әрекет. Бағдарламалау - бағдарлама құрудың әдістері мен құралдарын құру және қолдануға, зерттеуте бағытталған ғылыми пәндер кешеніне негізделген. Бағдарламалау формальды грамматикамен анықталатын бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. "Бағдарламалау тілдері" пәнін оқып үйрену студентке бағдарлама құрастырудың нақты тәжірибесін береді, оған бағдарламалаудың жақсы стилінің мүмкіндігін және бағдарламалық құжатты құрастыруды көрсетеді. Бұл курс негізгі жалпы ғылыми пән болып есептелінеді, ол 5В011100 мамандығының басқа пәндерінің фундаментальды негізі болып табылады және ол бағдарлама құрастырудың тиімді және рациональды әдістеріне үйретеді.


3.2 Пәнді оқу мақсаты:

Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.



  1. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

  • бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

  • базалық(негізгі) бағдарламалау тілдерін үйрену;

  • бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

  • жеке бағдарламалық қолданбаларды құру және жасау;

    1. Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек:

  • Бағдарламаны жобалау әдістері мен тәсілдерінің классификациясын білу;

  • Бағдарламалық өнімді құру кезеңдері туралы түсінік болуы;

  • Бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

  • Бағдарламалаудың типтік жүйесінің жұмыс істеу шарттарын білу;

  • Базалық (негізгі) бағдарламалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін және семантикасын білу;

  • Базалық бағдарламалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерінің болуы;

  • Қандай да бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды жасай білу.

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін мектеп математикасының, информатикасының базалық ұғымдарын білу керек.

Бұл бағдарламаны базалық бағдарламалау тілі ретінде С++ тілі қарастырылады.




  1. Курстың пререквизиттері:

Пәнді меңгеру үшін студент «информатиканың теориялық негіздері», «информатика», «программалау 1», «программалау 2» пәндерінің білімдерін меңгерген болуы керек.

.


  1. Курстың постреквизиттері:

«Мәліметтер қорын программалау», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Интернетте программалау» және т.б. пәндерін игеру қажеттілігі бұл пәнді меңгеруге тікелей байланысты.



  1. Жұмыс жоспарынан үзінді:

Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Зертханалық сағат саны

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау формасы

2

4

3

15

30

22,5

67,5

135

Емтихан



    1. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ






Дәріс тақырыптары

Сағат

саны




С++ программалау тілі.

1



С++ тіліндегі программаның құрылымы. Енгізу-шығару функциялары.

2



С++ тіліндегі операторлар.

1



If операторы, switch таңдау операторы.

1



С++ тілінде циклдарды ұйымдастыру.

1



Массивтер, функциялар және көрсеткіштерді жариялау.

2



Құрылымдар.

2



Объектілер мен типтерді анықтау.

1



С++ тіліндегі файлдар.

2



С++ тілінде графикалық режимде жұмыс істеу.

2




Барлығы

15







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет