Internet Mail және News программалары хат жазу үшін интерфейсі бір-біріне ұқсас терезелерді қолданады. Internet Mail-да сіз создать сообщение (New Message) Батырмасын шерту, немесе Сообщение (Mail) меню пунктінен Создать сообщение (New Message) командасын таңдап немесе + пернелер комбинациясын басу арқылы жаңа хабарлама құра аласыз.
Хатты келесі әрекеттерді орындау арқылы құруға болады:
Кому (To) қатарына адам немесе мекеме атын енгізіңіз.
Тема (Subject) қатарына хатыңызға қысқаша түсінік беретін қысқа фраза енгізіңіз.
Егер сіздің хатыңыздың көшірмесі басқа да адамдарқа жіберілуін қаласаңыз, Копия (Cc) бір небірнеше адресті қосыңыз.
Кому және копия қатарларына электронды адресті енгізген соң, сіз Проверить Имена (Check Names) батырмасын шерту арқылы немесе сообщение менюінде Проверить Имена пунктін таңдау арқылы, не + пернелер комбинациясын басу арқылы Internet Mail-ды адрестерді тексеруді сұрауыңызға болады. Егер сіз бұл әрекетті орындасаңыз, Internet Mail бұл адрестерді адрестік кітапшадан табуға не оның құрылысының ережеге сәйкестігін тексеруге тырысады (яғни- қолданушы_аты@ хост.домен формасы).
4.Internet Mail адрестерді дұрыстығына тексеріп болған соң, ол адрестер астын сызып көрсетелі.
5.Барлығын аяқтаған соң Отправить (Send) батырмасын басыңыз.