Программалық жасақтама. Операциялық жүйелер


Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі81,45 Kb.
#122529
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
АКТлекция3

Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы
Операциялық жүйе – бұл пайдаланушы мен компьютер арасындағы интерфейс, сонымен қатар ОЖ программалардың арасында ресурстарды реттелген және бақыланатын үлестіруді жүзеге асыра отырып, есептеуіш жүйенің барлық құрамдас бөліктерін басқаруға мүмкіндік береді.
Операциялық жүйелердің эволюциясы бірнеше кезеңнен өтті:
  • 1945–1955 жж. Электрондық шамдардың, коммутациялық панельдің пайда болуы. Жүйелік программалық жасақтама ретінде математикалық және жүйелік программалар кітапханалары қолданылды. Бұл жағдайда есептеуіш процесті ұйымдастыруды қызмет көрсету персоналы басқару пультінен қолмен жүзеге асырды. Бұл ЭЕМ үшін ОЖ іс жүзінде болмады.
  • 1955–1960 жж. транзисторлардың пайда болуы. Алғашқы алгоритмдік тілдер, компиляторлар және пакеттік өңдеу жүйелері пайда болды. Бұл жүйелер қазіргі ОЖ-нің түпбейнесі болды. Олардың негізгі мақсаты – процессордың жүктелуін арттыру.
  • 1960–1980 жж. интегралды микросхемалар мен мультипрограммалаудың пайда болуы. Бұл компьютерлердің ОЖ әр түрлі перифериялық құрылғылармен және әр түрлі қызмет салаларында есептеуіш жүйелерге қызмет көрсетуге бағытталған. Мұндай ОЖ-дің ерекшелігі мультипрограммалау болды – бір процессорда бірнеше қосымшалар кезектесіп орындалатын есептеуіш процесті ұйымдастыру әдісі. ОЖ-дің жаңа түрі пайда болды – уақытты бөлу жүйесі, бұл әр пайдаланушыға компьютермен жалғыз жұмыс істеу елесін жасауға мүмкіндік береді.
  • 1980 – қазіргі уақытқа дейін. Үлкен және өте үлкен интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлердің кең таралуын және оларды программалау саласындағы маман емес адамдардың қолдануын қамтамасыз етті. Бұл достық, интуитивті программалық интерфейсті әзірлеуді қажет етті. Үлестірілген ОЖ-дің және байланыс құралдарының дамуы желілік ОЖ-дің пайда болуына себеп болды.

ОЖ-дің негізгі тұжырымдамасы Джон фон Нейман принципіне негізделген, онда командалар жиынтығынан тұратын программа және оның бастапқы деректері ортақ жадта сақталады, оның әр ұяшығында өзінің ерекше адресі болады; әр команда деректермен бірге жадтан таңдалады және процессормен орындалады, команданы таңдау құрамында қазіргі уақытта орындалатын адресті қамтитын арнайы командалық есептегіш арқылы жүзеге асырылады; жадта командалар бірінен соң бірі орналасқан, соның арқасында командалар тізбегі жадысынан дәйекті іріктеу ұйымдастырылады. Осыған сүйене отырып, компьютерлік жүйенің үш негізгі компоненті бөлінеді: процессор, негізгі жад және енгізу-шығару құрылғылары (3.1-сурет).
Орталық процессор
Негізгі жад
Жүйелік шина
Енгізу-шығару құрылғылары
3.1-сурет. Компьютерлік жүйелердің компоненттері
Процессор компьютердің әрекеттерін бақылайды, сонымен қатар программаға сәйкес деректерді өңдеу функциясын орындайды. Қазіргі жүйелерде бір немесе одан да көп орталық процессорлар болуы мүмкін.
Негізгі жад программалар мен деректерді сақтайды. Әдетте, бұл уақытша, компьютер қосылып тұрған кезде сақталады.
Енгізу-шығару құрылғылары сыртқы жады, байланыс жабдықтары, терминалдар кіретін перифериялық құрылғылардан тұратын компьютер мен сыртқы орта арасында деректерді тасымалдауға қызмет етеді.
Есептеу жүйесінің аталған компоненттері жүйелік шинаның көмегімен біріктіріледі. Бұл процессор, негізгі жад және енгізу-шығару құрылғылары арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін құрылымдар мен механизмдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет