Программалық жасақтама. Операциялық жүйелер



бет1/5
Дата15.11.2023
өлшемі81,45 Kb.
#122529
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
АКТлекция3


№ 3 дәріс
Тақырыбы:
Программалық жасақтама. Операциялық жүйелер

Дәрістің мақсаты: Программалық жасақтаманың түрлерін, мақсаттары мен сипаттамаларын, операциялық жүйелердің негізгі ұғымдарын және олардың жіктелуін зерттеу.

Жоспары:
  • Программалық жасақтама. Программалық жасақтаманың түрлері, мақсаттары мен сипаттамалары.
  • Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы.
  • Операциялық жүйелердің жіктелуі
  • Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелерді жіктеу.
  • Үстелдік қосымшалардың жіктелуі.

Программалық жасақтама. Программалық жасақтаманың түрлері, мақсаттары мен сипаттамалары.
 
Программалық жасақтама (sowtware) – бұл программаларды пайдалану үшін қажетті ақпарат пен программалық құжаттарды өңдеу жүйесінің программаларының жиынтығы немесе программалардың, процедуралар мен ережелердің жиынтығы, сондай-ақ деректерді өңдеу жүйесінің жұмысына қатысты құжаттар.
Программалық жасақтама мақсаты бойынша жүйелік, қолданбалы және аспаптық болып бөлінеді; тарату және пайдалану тәсілі бойынша жабық (ақылы немесе қол жеткізу құқығымен шектелген) және ашық, яғни еркін, кез-келген компьютерде шектеусіз таратуға, орнатуға және пайдалануға болады.
Жүйелік программалық жасақтама есептеуіш жүйенің компоненттерін – процессорды, жедел жадты, енгізу-шығару арналарын, желілік жабдықты тиімді басқаруды қамтамасыз ететін, аппаратура мен пайдаланушының қосымшалары арасындағы аралық интерфейс ретінде әрекет ететін программалар кешені болып табылады. Жүйелік программалық жасақтама нақты қолданбалы есептерді шешпейді, тек басқа программалардың жұмысын қамтамасыз етеді, есептеуіш жүйенің аппараттық ресурстарын басқарады және т. б..
Қолданбалы программалық жасақтама – пайдаланушылардың әртүрлі есептерін шешуге арналған жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар пакеттерінен тұратын программалық жасақтама; осы қолданбалы программалар (пакеттер) негізінде жасалған автоматтандырылған жүйелер.
Қолданбалы программалық жасақтамаға мәліметтер қорын, электрондық пошта серверлерін, желіні және қауіпсіздікті басқаруды, мәтіндік редакторларды, электрондық кестелерді, электрондық пошта мен блогтарға арналған клиенттік программаларды, дербес ақпараттық жүйелер мен медиа редакторларды, сондай-ақ медиа-плеерлерді, веб-шолғыштарды, қосалқы браузерлерді және т. б. жатқызуға болады.
Аспаптық программалық жасақтама жаңа программалар мен программалық кешендерді әзірлеуге арналған. Компьютерде көптеген түрлі қосымшалар программалау тілдері мен жүйелерін қолдану арқылы жасалады. Программалау тілі – бұл компьютердегі әртүрлі есептерді шешу үшін қолданылатын алгоритмдерді сипаттайтын формальды тіл. Есептеу техникасының қалыптасуы мен дамуы барысында программалау тілдері де дамыды. Олардың кейбіреулері өзгерді, түрленді, басқалармен біріктірілді, кейбіреулері мүлдем жоғалып кетті. Бүгінгі таңда программалау тілдерінің бай арсеналы бар: Assembler, Basic, C++, Delphi, Fortran, Java, Pascal, Python және т. б.. Аталған программалау тілдерінің әрқайсысында бірқатар модификациялар бар (мысалы, Basic, QBasic, Visual Basic және т. б.), олар мүмкіндіктері мен қасиеттері бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет