Программалық құралдары» Мамандығы: 6В07108- «Автоматтандыру және басқару»



Дата04.04.2023
өлшемі336,9 Kb.
#79325
түріПрограмма
Байланысты:
АУК 21-6 Нәлтан Әділет 2 зертханалық


Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ғ.ДӘУКЕЕВ ат. АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

2 Зертханалық жұмыс


Пәні: «Автоматиканың математикалық негіздері »


Тақырыбы: «Сандық әдістердің программалық құралдары»
Мамандығы: 6В07108– « Автоматтандыру және басқару »
Орындаған: Нәлтан Әділет Тобы: АУк 21-6
Нұсқа: 4
Қабылдаған: Маркабаева. Ж

_________ ________ «_____»________________ 2021 жыл.


(бағасы) (қолы)

Алматы, 2021


Жұмыс мақсаты: қолданбалы есептерді шешуге MatLab процедураларын оқу.
2.1. Зертханалық жұмысқа тапсырма
Зертханалық жұмысты орындау барысында студент қолданбалы есептерді шешуге MatLab ортаның кейбір процедураларын оқы керек:
- мәліметтер массивтерін һңдеу процедураларын;
- полиномдармен операцияларды;
- сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу процедураларын;
- сандық интегралдау процедураларын;
- бақылау сұрақтарға жауаптарды беру;
- жұмыс бойынша есеп беруді дайындау.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:
MatLab-ты іске қосамыз. Келесідей массивтерді құрамыз: А векторы, бірдей өлшемдегі В және С матрицалар. Осы массивтерді бұйрық терезесіне енгіземіз (1 - сурет).

1 – сурет. А,В және С массивтерін құру
А және В массивтің максималды элементін табамыз. Max процедурасын B және С массивтерге қолданамыз (2 - сурет).

2 – сурет. Массивтердің максималды элементін табу
Max бұйрығы арқылы В массивтің жолдары бойынша максималды элементін және С массивтің бағандары бойынша максималды элементін табамыз (3 - сурет).

3 – сурет. Max бұйрығын қолдану
Массивтердің максималды элементіменн бірге осы элементтердің индекстерін [C,I] = max(А) арқылы табамыз (4 - сурет).

4 – сурет. [C,I] = max(А) бұйрығын қолдану
Аталған операцияларды минимады элементтерді табуға қолданамыз (5,6,7 - сурет).

5 – сурет. Min бұйрығын қолдану

6 – сурет. Массивтердің жол және баған бойынша минималды элементін табу

7 – сурет. [C,I] = min(А) бұйрығын қолдану
Массивтерді сұрыптау әрекеттерін орындаймыз:
sort(A) бұйрығы арқылы А массивін өсу бойынша сұрыптаймыз ( 8 - сурет).

8 – сурет. А массивін өсу бойынша сұрыптау

Сұрыптау процедураны комплексты элементтері бар массивке қолданамыз ( 9 - сурет).



9 – сурет. Сұрыптау операциясын комплексті элементтері бар массивке қолдану
- С матрицаны жолдары бойынша сұрыптаймыз;
- В массивінің жолдарын өсу бойынша сұрыптаймыз;
- С массивінің бағандарын өсу бойынша сұрыптаймыз ( 10 - сурет).

10 – сурет. Sort(C,dim), sortrows(A) бұйрықтарын қолдану
Полином коэффициенттерін бұйрық терезеге орнатамыз. Алынған полином түрін жазамыз. polyder (p) p көпмүшесінің туындысын қайтарады;
* polyder (a,b) A және b полиномдарының туындысын қайтарады ( 11 - сурет).

11 – сурет. Polyder(p) бұйрығымен жұмыс
roots(р) – элементтері р полиномның түбірлері болатын баған векторды құрастырады ( 12 - сурет).

12 – сурет. roots(р) бұйрығы арқылы полиномның түбірлерін табу
polyval(p,x) - x массивінде берілген нүктелерде p полиномның мәндерін есептейді; p – элементтері дәрежелері кемию бойынша орнатылған полином коэффициенттері болатын вектор, x– матрица немесе вектор ( 13 - сурет).

13 – сурет. polyval(p,x) бұйрығын MatLab-та қолдану
Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу:
- белгілі тұрақты коэффициенттері бар сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін жазамыз;
- жүйе матрицасын және оң жақ бөлігінің векторын бұйрық терезеге енгіземіз;
- жүйенің шешімі бар-жоғын тексереміз (детерминант нөлден өзгеше болуы тиіс);
- жүйені үш тәсілмен шешіңіз: векторды матрицаға бөлу операциясын пайдалана отырып; А -1 кері матрицасын пайдалана отырып, inv процедурасын пайдалана отырып; нәтижелерді салыстырамыз ( 14 - сурет).

14 – сурет. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін MatLab-та шешу
Екі массивты құрамыз: M векторы мен N матрицасын. Осы массивтерді қолдана отырып анықталған интегралды табамыз ( 15 - сурет).

15 – сурет. trapz(M) бұйрығын қолдану
x аргумент мәндерінің массиві мен f(x) функциясының өрнегін қалыптастырамыз. MatLab процедурасын қолдана, осы функцияның интералын табамыз ( 16 - сурет).

16 – сурет. trapz(M) бұйрығын MatLab- та қолдану
D матрицасын құрып,осы матрицаның жолдарымен бағандары бойынша анықталған интегралды табамыз ( 17 - сурет).

17 – сурет. trapz(D,dim) бұйрығын MatLab- та қолдану


Қорытынды: Зертханалық жұмысты орындау барысында мәліметтер массивтерін өңдеу процедураларымен таныстырылды. Полиномдармен операцияларды,сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу процедуралары,сандық интегралдау процедуралары зерттелінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет