Психо-педагогикалық мінездеме



Дата19.06.2023
өлшемі14,85 Kb.
#102431

Семей қаласының «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де іс-тәжірбиеден өткен Шәкәрім атындағы мекмлекеттік университетінің В-003- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2-курс,ПМНО-101 тобының студенті Дулуқан Нұрайымнан «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің 4 «Д »сынып оқушысы Ерғали Қайсарға
Психо-педагогикалық мінездеме
Ерғали Қайсар Ерсінұлы 4 «Д» сынып оқушысы. Қайсар толық отбасынан.Үйінде жалғыз бала.Оқу үлгерімі нашар.Көп жағдайда үй тапсырмасын орындамай келеді.Сабақ үстінде де,қоңырау кезінде де тым ширақ.Сабақты өз бетімен орындай алады,дегенмен мұғалімнің нұсқауын әрдайым қажет етеді.Басқа оқушыларға кей жағдайда бөгет жасайды.Үйде жалғыз болғандықтан назарда болғанды ұнатады.
Есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған.Үйге берілген жаттауды жаттамай келіп,20 минутта жаттап алатын әлі бар.Сөздік қоры аз,грамматикалық жағынан сауатсыз. Үлкендермен қарым-қатынасқа түсе алмайды,тез ашуланады. Қызуқанды,кіріспейтін жерге кіріседі.
Сөйлеу тілі анық.Графикалық әрекеті нашар дамыған,жазуы қисық,түсініксіз.
Жұмыс қарқыны тұрақсыз.Ынтамен жұмыс істемейді,көп қателіктер жібереді,сабақ барысын қадағаламайды,көп алаңдайды. Ойы көп жағдайда басқа жақта.
Қайсардың жақсы оқуға әлі жетеді.Дегенмен,ниеті жоқ.Оны біраз қадағалап,үнемі жанында отырып, қызығушылығын арттыруға болады.
Болашақта жақсы тұлға болатынына сенім білдіре отырып,тек сәттілік тілеймін!

Мектеп директоры: О.Ж.Жұмағалиев


Мектеп психологы: А.Д.Даутбаева
Сынып жетекші: Г.К.Машаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет