Типологиялық амал. Тұлғалық психодиагностикада қолданылатын тағы бір амал типологиялық амал деп аталады. MMPI, Айзенк тесті осы амалдың шеңберінде жасалған әдістемелер ретінде келтіруге болады. Бұл амалдың негізгі міндеті адамды белгілі бір типке жатқызу. Тұлғалық тип деген әр түрлі қасиеттердің арақатынасы арқылы сипатталатын тұтастай құрылым. Мысалы, темперамент типтері. Типологиялық амалдың негізінде мынадай көзқарас жатыр: барлық адамдары олардың жеке дара, ерекше қасиеттеріне сәйкес бір неше топтарға бөлуге болады. Яғни, психодиагностың мақсаты нақты осы зерттелінуші қандай психологиялық топқа жақын екендігін анықтау болып табылады.
Лекция 9. Тұлғалық сұрақтамалар. Тұлғалық сұрақтамалардың классификациясы.
1. Бағытталуы бойынша: 1. тұлға бітімдерінің сұрақтамалары, 2. типологиялық сұрақтамалар, 3. мотивтер сұрақтамалары,
2. Негізінде жатқан принцип бойынша: 1. факторлық сұрақтамалар, (факторлық талдау арқылы жасалған ) 2. эмпирикалық сұрақтамалар.(эмпирикалық критерий арқылы жасалған)
3. Тұлғалық қасиеттерді қамту мөлшері бойынша: 1. бірмөлшерлі-бір ғана қасиетті өлшеуге бағытталған сұрақтамалар 2. көп мөлшерлі-бір неше қасиеттерді өлшеуге бағытталған сұрақтамалар. Ең белгілі сұрақтамалар: MMPI – типологиялық амалдың бағытында құрастырылған және Кэттелл 16 факторлық тесті – бітімдік амалдың бағытында құрастырылған. MMPI - кеңінен тараған тұлғалық сұрақтамалардың бірі. С.Хатуем және Д. Маккинли 1940 ұсынған. Бұл эмпирикалық критериалды принциптерге негізделген тест, яғни ешқандай теорияға негізделмеген. Сұрақтаманы құрастыру үшін ауру адамдардың шағымдарын, психикалық аурулардың симптомдары жинақталған. Алдымен тест психика жағынан сау адамдарға берілген, осының нәтижесінде нормативті көрсеткіштер анықталған. Содан соң бұл көрсеткіштер психикалық ауруға шалыққан адамдардың нәтижелерімен салыстырылды. Сөйтіп, сау және ауру адамдарды жақсы ажырататын сұрақтар қалтырылды. Бұл сұрақтар психикалық бұзылыстарға сәйкес 10 шкалаға біріктірілді: 1. ипохондрия шкаласы, 2. депрессия, 3. истерия шкаласы, 4. психопатия шкаласы, 5. маскулиндік-феминндік шкаласы, 6. паранойя шкаласы, 7. психастения шкаласы 8. шизофрения шкаласы, 9. гипомания, 10. интроверсия шкаласы. Негізіг 10 шкаладан басқа сұрақтамада 3 тексеруші шкала бар: L, K, F. Тест бойынша алынған балдар стандартты
Т-көрсеткіштеріне ауыстырылады. MMPI профилінде негізгі және тексеруші шкалалардың сан көрсеткіштерінің арақатынасы график түрінде келтіріледі. Графикте 70Т жоғары немесе 50Т төмен көрсеткіштер талданады. Егер қандай да болмасын шкала бойынша көрсеткіш 80Т жоғары болса, онды осы шкала бойынша психикалық ауытқу бар деп қарастырылады.