Лекция 4. Стандартизация. Стандартизация деген тесттің қатаң түрде бекітілген бөліктерін (нусқау, тапсырмалар жиынтығы, тест нәтижелерін есептеу мен интерпретацияла) жасап шығаруды қамтамасыз ететін эксперименталды, әдістемелік, статистикалық шаралардың жиынтығы. Психодиагностикада стандартизацияның 2 түрі бар:
стандартизация – нусқауды беру, тестті жүргізу процедурасын және жауап беру бланкілерін, нәтижелерді тіркеу әдістерін бір қалыпқа келтіру
стандартизация – алғашқы «шикі» балдарды көрсеткіштің эмпирикалық мәніне емес, оның стандартизация таңдау тобындағы нәтижелер үлестіріміндегі алатын орнына негізделеген стандартты (статистикалық) шкалаға ауыстыру. Стандартты шкала қалыпты үлестірім үлгісіне негізделеді және 2 параметр арқылы сипатталады: орта арифметикалық мән және стандартты ауытқу. Стандартизация адамның индивидуалды көрсеткішін таңдау тобындағы адамдардың көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіншілік береді. Яғни, стандартизация арқылы тесттік нормалар жасалады.
Стандартизация процедурасы Жасалатын, немесе бейімделетін әдістеме арналған генералды жиынтық анықталады.
Генералды жиынтықтан репрезентативті таңдау тобы алынады.
Тест құрастырылып, репрезентативті таңдау тобына жүргізіледі
Алғашқы «шикі» балдар эмпирикалық үлестірім түрінде келтіріледі
Эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірмге сәйкестігі жағынан талданады
Егер эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірімге сәйкес келсе, онда сызықтық стандартизация процедурасы жүргізіледі, ал егер эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірімнен басқаша болса, онда сызықтық емес стандартизация жүргізіледі. Ол үшін процентильдік нормализация жасалады.
Сызықтық стандартизация -алғашқы «шикі» балдарды Z – бағалаулар деп аталатын стандартты шкалаға формула бойынша ауыстыру. Z=(Хj-X)/SD
Хj – «шикі» балл
X – эмпирикалық үлестірім бойынша орта мән
SD – стандартты ауытқу
Психодиагностикада қолданатын стандартты шкалалар: Z – бағалаулар,
Т-шкала, «Стен» шкаласы, IQ шкаласы.