Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Лекция 3. Тесттік нормалар және оларды тексеру



бет4/17
Дата26.12.2023
өлшемі193,5 Kb.
#144145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекциялар

Лекция 3.
Тесттік нормалар және оларды тексеру
Психодиагностиканың негізгі мақсаты адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін анықтау және өлшеу. Ол үшін бізге өлшейтін құрал керек, ондай құрал ретінде психодиагностикалық әдістер қолданылады. Негізгі психодиагностикалық әдіс – тест. Тест бұл қысқа тапсырмалардың бір ізділігі, осы тапсырмаларды зертелінушінің орындуы нәтижесінде қорытынды мәліметтердің бір ізділігі алынады, содан соң олар статистикалық әдістер арқылы сан және сапасы жағынан өңделеді. Тест бойынша суммарлық бал тесттің кілті арқылы есептеледі. Психодиагностикада тест тек қана өлшеу құралы ғана емес, тест өлшеудің объективтілігін қамтамасыз ететін жанама эталон болып табылады. Өйткені психологияда өлшеудің объективті эталондары жоқ. Өлшеу эталоны деген өлшенетін қасиеттің берілген мөлшерін ұрақты сақтайтын физикалық объект. Психологияда ондай объектілер жоқ, яғни өлшенетін қасиеттің бір мөлшерін үнемі ұстап жүретін адамдар жоқ. Сондықтан, психометрикада өлшеудің жанама (косвенные) эталондар ролін тест атқарады. Қалай? Тест тапсырмаларының қиындық деңгейі адам қабілетіне тікелей пропорционалды болады. Яғни, тапсырма неғұрлым қиын болса, оны орындау үшін қабілет сол ғұрлым жоғары болу керек. Тұлғалық сұрақтамаларда «қиындық» түсінігіне сұрақтың «күші» түсінігі сәйкес келеді. «Күшті» сұрақтар – неғұрлым аз зерттелінушілердің келісімін туғызатын сұрақтар. Тест тапсырмасының қиындығын процентильдік өлшем арқылы анықтайды. Процентильдік өлшемдер көптеген дәстүрлі психодиагностикалық әдістердің негізінде жатыр. (Векслер, Кеттел, MMPI, т.б.). Процентилдік өлшем – бұл тесттің осы тапсырмасын орындаған зерттелінушілердің процентке шаққандағы саны. Процент неғұрлым аз болса, тест тапсырмасы сол ғұрлым қиын деп есептеледі. Сөйтіп, тест балдарының үлестірімі тест тапсырмаларының қасиеттерін бейнелейді. Егер үлестірім қисығы оң жақты ассиметрия түрінде болса, онда тест тапсырмаларының көбісі қиын, егер сол жақты ассиметрия болса, онда тест тапсырмаларының көбісі жеңіл. Егер тест тапсырмалары әр түрлі бола тура, қиындығы жағынан бір деңгейде болса онда сумарлық балдар қалыпты үлестірім түріне келеді. Сонымен, процентильдік өлшем нормативті таңдау тобында жүргізілетін тесттілеу арқылы алынған тесттік балдардың үлестіріміне негізделеді. Процентельдік өлшемнен басқа психометрикада өлшеудің тағы да 2 шкаласы, оларға сәйкес 2 тесттік нормалар қолданылады: абсолюттік тесттік нормалар және критериалды тесттік нормалар.
Абсолюттік тесттік нормалар – тест бойынша алынған шикі бал өлшеу көрсеткіші ретінде қолданады. Мұндай нормалар ипсативті өлшеуге сәйкес келеді.
Критериалды тесттік нормалар - тест бойынша алынған шикі бал қандай да әрекеттің сәттілігін қамтамасыз ететін критерийлермен (көрсеткіштермен) байланыстырылады. Әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеін критерийлерді эксперттер анықтайды. Осындай тесттік нормалар көбінесе адамның қандай да бір әрекетте компетенттілігін анықтау қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет