Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Лекция 8. Тұлға бітімдерінің психодиагностикасы



бет9/17
Дата26.12.2023
өлшемі193,5 Kb.
#144145
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Лекциялар

Лекция 8.
Тұлға бітімдерінің психодиагностикасы.
Психология тұлға туралы көптеген теориялар бар, әр теорияда тұлға түсінігі өзгеше анықталады. Психодиагностикалық зерттеулерде тұлға зерттеу объектісі ретінде негізінен әр түрлі қасиеттердің, ерекшеліктердің жиынтығы деп анықталады. Тұлғалық психодиагностиканың пәні - тұлға бітімдері болып табылады. Тұлғалық психодиагностиканың міндеті – тұлға профилін сипаттау. Тұлға профилі деген осы адамды сипаттайтын бітімдердің жиынтығы. Сонымен, тұлғаны зерттеуде көбінесе бітімдік (чертографиялық) амал қолданылады. Тұлға бітімі деген түсінікті психологияға Г.Олпорт еңгізген, және мынадай анықтама берген: « адамның кең ауқымды ситуациялар диапазонында өзін біркелкі ұстау .» Яғни, тұлға бітімдеріне адамның тұрақты, әр түрлі ситуацияларда бірдей , осы адамға тән жүріс-тұрыс ерекшеліктері тәуелді.
Бітімдік амалдың міндеттері:
1. адамды тұтастай сипаттау үшін қажетті және жеткілікті тұлға бітімдерінің санын айқындау. Г.Олпорт бойынша әр адамды ең көп дегенде 10 қасиет арқылы сипаттауға болады. Ал, мысалы Кеттел бойынша 16 тұлға бітімі арқылы адамды сипаттауға болады.
2. адамды тұтастай сипаттау үшін қажетті және жеткілікті тұлға бітімдерінің сапасын айқындау. Басқаша айтқанда, адамды тұлға ретінде сипаттау үшін қандай тұлға бітімдерін бөліп шығару керек? Алынатын тұлға бітімдері психологтың тұлға құрылым туралы теориялық көз-қарасына тәуелді болады. Әр жағдайда тұлға құрылымы иерархиялық сипатта болатындықтан, анықталатын бітімдер иерархиялық сипатта болуы тиіс. А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша тұлға бітімдерінің 3 деңгейін сипаттау керек: 1. конституциялық бітімдер. Олар биологиялық факторларға тәуелді және адамның жүріс-тұрысын кең ауқымды ситуациялар шеңберінде болжауға мүмкіншілік береді. 2. индивидті бітімдер. Олар адамның өмірлік тәжірибесіне тәуелді және әр түрлі әлеуметтік-нормативті ситуациялар шеңберінде адамның жүріс-тұрысын болжауға мүмкіншілік береді. 3. тұлғалық бітімдер. Олар адамның өзіндік рефлексивті белсенділігіне тәуелді және адамның өзінің жүріс-тұрысын өз бетінше ұйымдастырп, атқаруға мүмкіншілік береді. Көптеген тұлғалық бітім әр түрлі дәрежеде 3 деңгейдің қасиеттерден қалыптасқан.
3. тұлғалық бітімдердің көріну деңгейін, дәрежесін анықтау. Яғни, тұлғалық бітімдерді анықтау ғана емес, олардың көріну дәрежесін сан арқылы бағалау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет