Аристотельдің шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, мінездің 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттерін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Мінез туралы түсінік
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.
Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі