Психолингвистика пәні бойынша


Сөз – айтылған пікір – мәтін



Pdf көрінісі
бет70/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
1. Сөз – айтылған пікір – мәтін  

 

Лингвистикалық  анализдің  дәстүрлі  объектілері  сӛз  және  сӛз  тіркесі  болып 

табылады.  Заттар  және  оның  қасиеттерін,  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды,  шындық 

болмысқа  қарым-қатынастарына  ат  беру  үшін  қызмет  ететін  сӛз  тілдің  ӛзіндік  негізгі 

құрылымдық-семантикалық  бірліктерін  білдіреді.  Сӛз  тіркесі  де  заттар,  құбылыстарға, 

процестерге,  қасиеттерге  атау  құралы  ретінде  қызмет  етеді.  Лингвистикада  сӛйлемді 

тілдік  модельдер  ретінде  қарастыру  дәстүрге  айналған.  Психолингвистикада  айтылған 

пікір тілдік қарым-қатынастың бірлігі бола отырып, ол ситуациямен ара қатынаста болып 

және  сӛйлеу  иелеріне  бағдарланған.  Тілдік  қарым-қатынастың  бірлігі  ретінде  айтылған 

пікір  коммуникативті  ситуацияны  есепке  алады,  онда  сӛйлеушінің  білімдерімен  бірге 

позициясы және тыңдаушының мүмкін реакциясымен бірге баяндалады. Негізі, біз әдетте 

жекеленген сӛздермен немесе жеке дара фразалармен сӛйлемейміз, барлық тіл иелері тек 

кең  жайылған  хабарлармен  және  тіпті  мәтінмен  Тілдік  таңбалар  ӛз  бетінше  тек  мәтінді-

байланысты болса ғана, мәтін құрастыруға қатысқанда және оның мәнін жеткізген кезде 

мағынаға ие болады. Басқаша айтқанда, егер берілген сӛздің не екенін және оның ӛзінің 

мағынасына  қалайша  қатысты  болады  дегенді  түсінгіміз  келсе,  реалды  тілдік  қарым-

қатынаста  сӛз  сӛйлемге,  мәтінге  және  ситуация  құрамына  енгізілгенін  міндетті  түрде 



 

62 


назарға алуымыз қажет. Мұнда мәтіндегі сӛздің семантикасы жеке, бӛлек тұрған сӛздердің 

семантикасынан кӛп ерекшеленуі мүмкін, ӛйткені сӛз тек мәтінде ғана ӛзінің негізгі мәнін 

табады.  

Осылайша  тілдік  қатынастың  анализі  барысында  мәтін  семантикасына  назар 

аудару  объективті  және  заңды  құбылыс  болып  табылады.  Себебі  ол  тілдік  бірліктердің 

қызметтерін  атқару  процесінде  жалпы  байланысы  мен  ӛзара  әрекеттестігіне  негізделген. 

Бір  деңгейдегі  тілдік  бірліктердің  мағыналық  жақтарын  анықтауда  жоғары  деңгейдегі 

мәтінге  дейінгі  тілдік  бірліктерге  кӛңіл  бӛлу  жағдайы  тілдік  бірліктердің  мынадай  ӛзара 

әрекеттестіктерінің  нәтижесі  болып  табылады.  Ал  мәтін  бұл  жағдайда  таңбалық 

деңгейдегі  тілдік  қарым-қатынастың  ең  шегіндегі  бірлігі  болып  табылады.  Мұның  бәрі 

сӛйлеудің мәнін анықтауда қолданыс сферасын, тілдік бірліктердің қызметін, яғни мәтінді 

есепке  алуды  қажет  етеді.  Сонымен  қатар,  ғалымдардың  мәтінді  зерттеуге 

қызығушылығының  ар  жағында  тілдік  сана  мәселесіне  қызығушылығы  жасырын  тұр. 

Тілдік  сана  Ресей  психолингвистикасында  тілдік  таңбалар  кӛмегімен  сыртқы  қызметті 

жоспарлау  және  регуляциясының  ішкі  процесі  ретінде  түсініледі.  Тілдік  таңбалар  және 

сәйкесінше  мәтінге  қызығушылықтарда  тілдік  тұлға  және  адам  әлемінің  бейнесі  деген 

қызығушылық  жатыр,  ӛйткені  әрбір  мәтінде  тіл  жүйесін  меңгерген  тілдік  тұлға 

байқалады.  

Қазіргі  таңда  лингвистикада  мәтіннің  300-ден  астам  анықтамасы  бар  деп 

есептеледі. Олардың арасында мәтін және сӛз арасы, мәтін және сӛйлем арасындағы мәнді 

айырмашылықты кӛрсеткен анықтамалары да бар: «Мәтін – бұл сызықтық және шектеулі 

сипатқа  ие  тілдік  компоненттердің  бірізділігі».  Негізі,  сӛз  де  –  тілдік  компоненттер 

бірізділігі, және сӛйлем де «сызықтық және шектеулі сипатқа ие».  

Мәтіннің  анықтамалары  ішінде  семантикалық  толық  мәнді  емес  (семантически 

неполнозначные)  анықтамалар  бар,  мысалы:  «Мәтін  –  бірыңғай  жеке  маңыздылыққа  ие 

эмпирикалық  құбылыс.  Біз  оны  сӛйлеген  кезде  немесе  жазған  кезде  жасаймыз».  Мұнда 

мәтіннің  семантикалық  бірлігіне  ерекше  кӛңіл  аудара  айтылғанымен,  бұл  анықтамада 

мәтіннің адам қызметінің құрылымын қамтамасыз ететін функциясына нұсқау жоқ.  

Мәтін  жайында  сәтті  шыққан  анықтамалардың  бірі  ресей  филологы 

И.Р.Гальперинге  тиісті:  «Мәтін  жазбаша  құжат  түрінде  объективтендірілген,  аяқталған 

түрге  ие  сӛйлеу-шығармашылық  үдеріс  туындысы,  тақырыптан  және  лексикалық, 

грамматикалық,  логикалық,  стилистикалық  байланыстардың  түрлі  типтерімен 

біріктірілген,  белгілі  бір  бағыттылық  және  прагматикалық  мақсатқа  ие  ерекше 

бірліктердің қатарынан (аса жоғары фразалық бірліктерден) тұратын туынды».  

Лингвистикада  аса  жоғары  фразалық  бірліктердің  (сверх  фразовами единицами) 

дегеннен, шамамен абзацқа сәйкес келетін мәтін бӛлігі деп түсініледі. Бұл анықтамада да 

мәтіннің  тұтастылығы,  оның  элементтерінің  байланыстылығы  және  функциялық 

бағыттылығы ескерілген (Дегенмен, мәтін тек жазба формада ғана болады деп есептеледі). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет