1966 жылы американдық приматологтар Ален және Беатрис Гарднер (Alen and
үйретуге тырысты. Тӛрт жылдан кейін Вашо (шимпанзенің есімі) 130 жесттерді қолдана
білді және екі-үш сӛзді сӛйлемдерді жасады (9-10). Егер үш жаста балалар мыңдаған
сӛздерді білетін және күрделі фразаларды құрай отырып, күрделі синтаксисті меңгере
23
Сонымен қатар, бұл маймылдың баласын адам мәдениетінің негізіне және
құралдарды (қасық, шанышқы, пышақ т.б.) қолдана білуді үйретуге тырысты, тіпті керең-
мылқаулардың тілін меңгерген маймылдар қоғамын құру идесын жүзеге асырмақшы
болып тырысты. Алайда бұл ісі табысты болмады.
Франсин Пэттерсонның үйретуі бойынша, Коко есімді горилла американдық
керең-мылқаулар тілінің 375 жестін қолдана білген және метафоралар қатарын құрай да
білуімен белгілі болған (12-14), дрессировщиктің айтуына қарағанда, маймыл әзілдей де,
тіпті алдай да білген, алайда бұл үшін жеткілікті дәлелдемелер келтірілмеген.
Жануар метафорасы
Сӛзбе-сӛз аудармасы
Мағынасы
(12)
Eye-hat
кӛз-қалпақ
маска
(13)
White-tiger
ақ-жолбарыс
зебра
(14)
Finger-necklace
саусақ-білезік
жүзік
Американдық зерттеуші Герберт Террас та шимпанзені модифициалық керең-
мылқау тіліне үйреткен. Маймыл екі-үш-тӛрт сӛзді сӛйлемдерді құрай білген (15-19).
Алайда Ним (шимпанзе) ұзақ сӛйлемдерді құрастыру барысында, негізінен, ұстаздың
жесттерін қайталай отырып, сӛздерді қажетті сӛйлемді құрастырғанға шейін кездейсоқ
түрде қоса берген екен. Зерттеуші бұдан мынадай қорытынды жасайды: шимпанзе тілдің
элементарлы аспектілерін және жеке сӛздерді меңгеруге қабілеті бар. Бұндай қорытынды
Хомскийдің жануарлар сӛйлеуді үйрене алмайды деген пікірін жоққа шығарды (Наом
Хомскийдің есіміне пародия ретінде бұл маймылдың атын Ним Химский деп атаған).
Жануардың фразасы
Сӛзбе-сӛз аудармасы
(15)
More drink
Тағы ішу (еще пить)
(16)
Tickle Nim
Нимнің кӛңілін аула (развлеки Нима)
(17)
Banana Him eat
Банан Ним жеу (банан Ним есть)
(18)
Eat drink eat drink
Жеу ішу жеу ішу (есть пить есть пить)
(19)
Banana me eat banana
Банан маған жеу банан (банан мне есть
банан)
Хомскийдің пікірінше, жануарлар ерекше тілдік қабілеттің болмауына орай
сӛйлей алмайды. Белгілі француз психологы Жан Пиаженің және бірқатар ғалымдардың
тұжырымдауынша, адам тілі секілді күрделі құбылысты меңгеруге қажетті жалпы
интелект жануарларда жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: